3109

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған құрылғылар ойлап табу бойынша «ТОМ: Nur-Sultan» мейкатонының жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсарту үшін өнертабыстар жасаған «ТОМ: Nur-Sultan» мейкатонының жеңімпаздары анықталды. Бірінші орынды мүгедектер арбасына таңылған жандарға арналған швед тенажерін жасаған «Robotek'S» тобы иеленді.

«Біз мүгедектер арбасына таңылған жандарға арналған биіктігі бойынша тізе тіреуішін реттей алатын, жамбасты тартуға арналған белдікті және резеңкеленген тұтқалары бар көлденең штанганы жасадық. Яғни, бұл үнемі мүгедектер арбасында отыруға мәжбүр болған адамдарға аяғынан біраз тұруға көмектеседі. Тренажер ұзындығы мен ені бойынша реттеледі. Оны адамның физикалық мәліметтеріне сай етіп реттеуге болады. Бұл идея бізге ниднуэр (көмекке мұқтаж адам - ​​ред.) Иван тағайындалғаннан кейін келді. Біз онымен жұмыс істей бастадық. Басты мақсатымыз - оның аяққа тұруына көмектесетін прототипіміз болды», - деді жоба туралы «Robotek'S» командасының капитаны Алина Аюпова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазылар алқасы бірауыздан жеңімпаз топтың жұмысы мен прототипінің сапасын ерекше бағалаған. Нидноуэр өнертабысты мейкатон аяқталғаннан кейін дереу жеке пайдалануға қолдана алды. Бірінші орын үшін командаға Sulpak сауда маркасының жалпы сомасы 500 мың теңгелік сертификаттары табысталды.

Екінші орынды жеңіл қозғалатын мүгедектер арбасы прототипін жасаған «Жәрдем» тобы иеленді. Олар жалпы сомасы 300 мың теңгені құрайтын Sulpak сауда маркасының сертификаттарын алды.

Үшінші орын мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жүріс арбасын ойлап тапқан STEM командасына бұйырды. Прототип церебралды сал ауруымен ауыратын балаларға арналған. Отбасы көрсетілген көмек үшін алғыс білдірді. Команда мүшелері 120 мың теңгеге Sulpak сауда маркасының сертификаттарымен марапатталды.

Төртінші орынды зағип жандарды жазуға үйрету тренажерін жасаған Cicada командасы иеленді. Оның қатысушылары Назарбаев Университетіндегі Fab Lab цифрлық прототиптеу зертханасына бару үшін жылдық жазылым түрінде арнайы сыйлықпен марапатталды.

Еске сала кетейік, «ТОМ: Nur-Sultan» мейеатонының алғашқы кезеңі Назарбаев Университеті инновациялық кластерінің Fab Lab алаңында 9 қазанда басталды. Оған 72 сағаттық марафон кезінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған прототиптік құрылғылар жасаған 14 команда қатысты. Осы жобалардың 10-ы екінші кезеңге өтті.

Марафон барысында жас өнертапқыштарға «Қазақстандық мүгедектер конфедерациясы» РПО ұсынған мүгедектер - нидноуэрлер кеңес берді. Командалармен оңалту, хирургия және IT саласының мамандары да жұмыс жасады. Іс-шараны елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, Назарбаев Университетінің инновациялық кластерінің Fab Lab зертханасы және Тель-Авив университетінің достар қауымдастығы ұйымдастырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109