3198

Мыңнан астам елордалық студент волонтерлікпен айналысады

Студент жастар қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Нұр-Сұлтанда 1000-нан астам студент волонтерлікпен айналысады. Бүгін олар Халықаралық ынтымақтастық күнін атап өтуде.

«Статистикаға сәйкес (2019 жыл), Нұр-Сұлтанда 14 пен 35 жас аралығындағы 250 000-ға жуық адам тұрады. 1000-нан астам студент волонтерлікпен айналысады», - деді «Астана жастаржастар ресурстық орталығы ұйымдастыру бөлімінің басшысы Арайлым Сапарәлі.

Елордада жоғарғы оқу орындарында жастар ісі жөніндегі 16 комитет және колледждерде 35 жастар кеңесі жұмыс істейді. Олар білім беру мекемелері қабырғасында студенттердің бос уақытын ұйымдастырып, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Мысалы, Тұран-Астана Университетінің «Волонтерлер клубы» және «ITU жанындағы Phoenix» сияқты қозғалыстар волонтерлікпен айналысады, атап айтқанда мұқтаж жандарға көмектеседі. «QazMed жастары» құрамында ерікті түрде медициналық көмек көрсететін студенттер бар.

Студенттер мәдени өмірге де белсенді қатысады. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы олар үшін жыл сайын бірінші курс студенттерінің ресми салтанатты жиыны мен «Jana Beles» шығармашылық фестивалін ұйымдастырады. Сонымен қатар «Jastar Jalyny Camp» студенттер лагері бар. «Astana City Quest» қаланың қасиетті орындарында өткізіледі. Сонымен қатар студенттер өз идеяларын «Astana Ideas» стартап байқауында ұсынып, өздерін инновациялық өнертабыс саласында көрсетеді.

Сондай-ақ колледж студенттері «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысына қатысады және волонтерлер мектебінде оқудан өтеді.

Биыл ЖОО мен колледж студенттері «NUR-SULTAN DEBATE CUP-2020» онлайн-пікірсайыс турниріне қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109