3456

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанды газдандыру барысы туралы айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Железнодорожный" елді-мекенінің тұрғындарымен кездесті. Олардың қатарынада жақында ғана газға көшкен тұрғындар да болды. Бұл туралы ол өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Елді-мекендерде жұмыстар біркелкі жүргізіліп жатыр. Қаланың шеткі аймақтарында жолдар салынып, кәріз, электр, сумен жабдықтау желілері тартылып, полиорталық қарай ыңғайланып жасалуда. Тұрғындарға қолайлы әрі жайлы орталардың қалыптасуы арқылы елді-мекендердің өзіндік стилі айқындалып келеді. Мысалы, Көктал елді-мекенінде ұзындығы 16 гектарға жуық жаңа саябақ, Өндіріс елді-мекенінде тынымбақ, сонымен бірге елді-мекендерде төрт бірдей үлкен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жеке сектор тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру мақсатында газ тарату желілерін жүргіземіз.

Железнодорожный елді-мекенінде орналасқан үйлер қараша айының басында газға қосыла бастады. Үйіне газ қосқысы келетін адамдардың санының артқанын байқадық. Бұл бізді қуантады. Өйткені газға көшірудің көптеген артықшылығы бар. Нәтижесінде қоршаған ортаға зиянды заттардың таралуы азайып, экология жақсарады. Сонымен бірге енді тұрғындарға көмірді сатып алу, оны сақтау, сапасы туралы ойланудың, күніне бірнеше рет үйді жылытудың қажеті жоқ.

"Железнодорожный" елді-мекенінің тұрғындарымен кездестім. Олардың қатарынада жақында ғана газға көшкен тұрғындар да болды. Жергілікті азаматтармен елді-мекенді дамыту мәселелерімен қатар 2021 жылдың жоспарын талқыладық.
Сонымен бірге Промышленный, Көктал-2, Агрогородок елді-мекенінің бір бөлігінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталса, қазір сығымдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларды осы жылдың желтоқсан айына дейін газға қосуды жоспарлап отырмыз. Осы жылдың соңына дейін Көктал-1 елді-мекенінің тұрғындарында да газға қосыла алады.

700-ден астам тұрғын техникалық шарттарды алса, 3,5 мыңнан астам тұрғынға фронт-офистерде кеңес берілді. Бір текше метр газдың бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге дейін төмендеді.

Газбен қамту – Елбасының стратегиялық жобасы. Тұңғыш Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы аясында салынған "Сарыарқа" магистральдық газ құбыры Орталық Қазақстан мен елорданы еліміздің бірыңғай газ тасымалдау желісімен байланыстырады.

Қаланы газдандыру үш кезеңде жүргізіледі. Бұл процесс Мемлекет басшысының әрдайым бақылауында.
Сонымен қатар, осы айда ЖЭО-1 және ЖЭО-2 су жылыту қазандықтарының бір бөлігі газға ауыстырылды", деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109