3528

Нұр-Сұлтанда Еуразиялық Ивент форум онлайн режимде өтуде

Елордада онлайн режимде Еуразиялық Ивент форум өтуде. Шарада жаңа жағдайдағы мәдени-оқиғалық индустрияны дамыту бағыттары мен жолдары талқыланады.

Іс-шараны ұйымдастырушы-Еуразиялық Ивент қауымдастығы. Оның миссиясы Қауымдастыққа мүше елдердегі мәдени-оқиғалар индустриясы және ойын-сауық қызметі, шоу-бизнес, маркетинг және туризм ұйымдарын қолдауға және дамытуға жәрдемдесу болып саналады.

Еуразиялық Ивент қауымдастығының басқарма төрағасы Сәуле Самидиннің айтуынша, ивент-индустрияда 36 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді.

«Нарық қатысушыларының негізгі үлесін 5 адамға дейінгі шағын кәсіпорындар алады. Тиісінше, индустрияның дамуын микро және шағын кәсіпорындар логикасында қарастырған жөн. Бұл ретте негізгі және сабақтас қатысушылар қызметкерлерінің жалпы саны 300 мыңнан астам адамды құрайды. Біздің индустрияда тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық көп», – деп мәлім етті ол.

Сәуле Самидин Қазақстандағы ивент-индустрияның дамуына кедергі келтіретін негізгі түйткілді мәселелерді талқылауға шығарды, сондай-ақ қауымдастық атынан оларды шешу бойынша ұсыныстар енгізді.

Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасы басшысының м.а. Азамат Ахметжанов елордада ивент-индустрия және мәдениет өкілдерін қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Оның айтуынша, қазір пандемияға байланысты барлық іс-шараларды онлайн режимге қайта құру қажет, бұл да мемлекеттік органдар үшін жаңа тәсіл болып саналады.

«Жалпы, бүгінде әлемдік экономикадағы трансформация жағдайында және әл-ауқатты арттырудың жаңа тұжырымдамасын іздеуде креативті экономика үлкен танымалдылыққа ие болуда. Президенттің 2021 жылғы сәуірге дейін Үкіметке Қазақстан экономикасының креативті секторын тиімді дамыту үшін базалық тәсілдерді әзірлеу тапсырмасы бар. Сіздердің ұсыныстарыңызды Мәдениет министрлігі ұсыныс драйвері Үкіметке қалай жіберетінін қолдайды деп ойлаймын. Өз тарапымыздан бұл ұсыныстарды барынша ілгерілететін боламыз», – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Азамат Ахметжановтың айтуынша, қазір елордада креативті индустрия орталығын құру мәселесі пысықталуда.

«Біз осы мәселелерді бірге талқылаған акселераторлар құрғымыз келеді. Сол сияқты орталықтың базасында open space құрғымыз келеді, онда қандай да бір ұсыныстарды айтуға және оларды жедел шешуге болады. Сондай-ақ, қолөнершілер орталығын ашқымыз келеді – бұл пандемия кезінде зардап шеккен бағыттардың бірі. Бәрін бір шаңырақ астына жинап, оларға өнім шығаруға жағдай жасағымыз келеді. Қазір біз мұражайларды бір-біріне біріктіріп, оны дамытудың кешенді жоспарын жасап жатырмыз. Музейлердің өздері табыс табуы үшін жағдай жасағымыз келеді, бұл әрине, ұзақ процесс, бірақ біз оны бастауымыз керек. Сондай-ақ, жеке театрлар үшін жағдай жасалады», – деді ол.

Бүгінгі таңда мәдениет басқармасы 5 жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеуде, оған 400 пунктің 12 бағыты кірді.

Форумға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 33 спикер, сондай-ақ Англия мен АҚШ мамандары қатысады, олар қатысушылар үшін шеберлік сыныптарын өткізеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109