8175

«Бизнестің жол картасы» гранттары: кәсіпкерлер бизнесін дамытуға көрсетілген қолдау туралы айтты

Елорда тұрғыны Темірлан Орманқұлов балаларға арнап музыка мектебін ашуды армандаған. Жас кәсіпкер балалардың өнерге деген шынайы құлшынысы бизнесін дамытуға түрткі болғанын айтады. Кәсіпті дамытуға арналған «Бизнестің жол картасы» бойынша бөлінетін гранттар туралы естіген ол мүмкіндікті пайдалануға шешім қабылдаған.

«Маған 5 миллион теңге ұтып алғанымды айтқан кезде қатты таң қалдым. Банктермен бұл мәселеде қиынырақ, өйткені көптеген жастардың кепілге қоятын мүлкі жоқ. «Бизнестің жол картасы» грантын жеңіп алдыңыз дегенді есту – ең керемет сезім. Бұл шынымен де көпшілік үшін өз бизнесін алға жылжытудың үлкен мүмкіндігі», - дейді Темірлан Орманқұлов.

Кәсіпкер Динара Сүйнәлиеваның жасөспірімдерге спорттық киім тігетін шеберханасы бар. Қазіргі жастар ерекше болғысы келеді, демек олардың талғамына жауап беру керек. Іскер әйел «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы бойынша грант байқауына қатысуға шешім қабылдаған.

«2020 жылы бізге 5 миллион теңге ойнатылып жатқанын айтқан кезде, бізде спорттық киімге өрнек салу жетіспейтінін түсіндім. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге арналған спорттық киімдер тігудеміз. Жастар көзге түскенді, ерекше болғанды қалайды. Сондықтан «Бизнестің жол картасы» шеңберінде маған бөлінген 5 миллион теңге грантына матаға басып шығаратын және екі тігін машинасын сатып алдым. Өндіріс басталды. Біз әрі қарай жұмыс істеуге, екі тігінші алуға дайынбыз. Қазірдің өзінде жұмыспен қамту орталығына жүгіндік. Шағын және орта бизнес идеясын жүзеге асыруға, бизнесті жалғастыруға осындай мүмкіндік болғанына қуаныштымын. Себебі сол кездегі жабдықпен, мен, өкінішке қарай, бұлай ісімді дөңгелете алмас едім», - деп атап өтті Динара Сүйінәлиева.

Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы Қазақстанда 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Оның бір бағытын әкімдіктер қадағалайды. Жергілікті атқарушы органдар бизнесті гранттармен және инфрақұрылымдық көмекпен қолдайды. Гранттар конкурсына кәсіпкерлер де, өз бизнесін ашқысы келетін қазақстандықтар да, оның ішінде әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар да қатыса алады. Биыл елордада 57 бизнес-жоба гранттармен қолдау тапты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109