3997

Жұмыспен қамту орталығы арқылы 19 мыңнан астам адам жұмыс тапты

Халықты жұмыспен қамту орталығы азаматтарды жұмыспен қамту бойынша жүйелі түрде жұмыс жасайды. Мекемеге жұмыссыздар ғана емес, пробация қызметінде есепте тұрғандар, мүмкіндігі шектеулі жандар да жүгінеді. Жоғары білімі жоқ тұрғындар талап етілетін мамандықтар бойынша курстан өтеді.

Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, жаңа мамандық игергендердің бірі - Айгүл Қасенова. Осы жылы ол «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «наубайхана» кәсіптік оқыту курстарын бітірді. Қазір ол оқу кезінде өндірістік тәжірибеден өткен «Уашева Дана» ЖК наубайханасында жұмыс істейді.

- Шын жұмыс іздеген адам табады. Оның үстіне қазір сұранысқа ие мамандықты алуға да, бірден жұмыс табуға да мүмкіндіктер көп, - дейді Айгүл Қасенова.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту орталығы өтініш берушілерді жұмыспен қамту аясын кеңейту мақсатында жұмыс берушілермен үнемі байланыста. Бос орындар күн сайын жаңартылып отырады. Енді пандемияға байланысты орталықтың қызметтерін қашықтан пайдалануға болады. Осы мақсатта электронды еңбек биржасы мемлекеттік ақпараттық порталы жұмыс істейді (www.enbek.kz).

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары порталға тіркеліп, бос жұмыс орындарын таңдайды немесе жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау қызметтерін пайдалана алады.

Толық ақпарат пен мамандар кеңесін алу үшін орталықтың жұмыспен қамту бөліміне 8 777 116 82 76; 8 777 116 82 73 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109