Демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қалалық және қала маңындағы бағыттар, экспресс-бағыттарды қоспағанда, жұмыс, демалыс және мереке күндері қатынайды. Бұл туралы CTS хабарлады.
Сондай-ақ автобустардың жүру уақыты сағат 23:00-ге дейін сақталады.
"Жолаушыларды санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Автобустарға алдыңғы есік арқылы кіру керек. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді", - делінген хабарламада.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz