Әдемі, бірақ қауіпті: пиротехника мен жасанды шыршаларды пайдалану кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелері
Жаңа жылда қайғылы оқиға болмауы керек! Осы қарапайым қағиданы мереке күндері қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД қызметкерлері елорданың әр тұрғынына жеткізбекші. Дұрыс орнатылмаған шыршалар немесе отшашулар өрт тұтандыруы мүмкін.
ТЖД өкілдері қауіпсіздік шаралары туралы жадынамаларды жеке үйлер мен базар иелеріне таратуда. Өткен демалыс күндері 400-ден астам жеке тұрғын үйге алдын алу шаралары қарастырылып, 8 тұрғын үй массивіне дауыс зорайтқыш байланыс арқылы хабарланды. Сондай-ақ, құтқарушылар мен полицейлер пиротехникалық бұйымдарды сату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау үшін ірі сауда базарларына барды.
«Құрметті азаматтар! Отшашулар тек әдемі көрініс сыйлап қана қоймайды, сонымен қатар оның қауіпті екенін ұмытпаңыздар. Ал шыршалар, әсіресе жасанды ағаштар бірден жанып кетуі мүмкін», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ТЖД өкілдері шыршаларды орнату және гирляндалармен жұмыс істеу кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелерін еске салды.
«Жаңа жылдық шырша тегіс жерде бекітіліп орнатылуы қажет, шығатын жерде, кедергі боп тұрмауы қажет.Ал шырша бұталары қабырғалар мен төбелерден кемінде 1 метр қашықтықта, жылыту аспаптарынан алыс болуы тиіс. Тек тиісті сертификаты бар электр гирляндтарды мен шамдарды сатып алыңыз. Гирляндты таңдағанда, аз қуаттысын таңдаңыз. Шамдардың қуаты неғұрлым аз болса, олар шығаратын жылу соғұрлым аз болады, десе де жану қаупі бар. Иллюминацияда немесе гирляндтағы ақаулар (сымдардың қызуы және зақымдануы, ұшқындау және т.б.) анықталған кезде оны дереу токтан ажыратыңыз. Егер сіз үйден кетсеңіз немесе ұйықтасаңыз, гирляндтарды қосулы қалдырмаңыз. Балаларға үлкендердің қарауынсыз шырша жанында бенгал шамдарын жағуға және атқыш заттарды пайдалануға рұқсат етпеңіз. Шыршаны безендіру үшін жанып тұрған шамдарды пайдаланбаңыз. Пиротехникалық бұйымдарды өз үйіңіздің ішінде пайдаланудан үзілді-кесілді бас тартыңыз», - деп еске салады мамандар.
Өрт шыққан жағдайда дереу «101»нөміріне қоңырау шалу қажет.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz