7097

Елордалық сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін 9 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды

Нұр-Сұлтанда барлық сайлау учаскелері медициналық қорғаныс құралдарымен толық жабдықталған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Қазіргі уақытта қалада 283 сайлау учаскесі орналасқан. Елорданың сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісованың айтуынша сайлау учаскелерінің бәрінде санитарлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады.

«Сайлау процесінің барлық қатысушылары үшін бізде жеке қорғаныс құралдары қарастырылған: маскалар, антисептиктер, қолғаптар. Адам көп жиналмас үшін арнайы шығу орындары қарастырылған. Комиссия мүшелері арнайы экранмен қорғалады. Қорғаныш әйнегі бар аймақ бақылаушылар, сенімді тұлғалар және БАҚ өкілдері үшін де ұйымдастырылған. Дауыс беру залында әр үш сағат сайын санитарлық өңдеу жүргізіледі. Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу алгоритміне сәйкес, 2021 жылғы 5-8 қаңтар аралығында елордада сайлау комиссияларының мүшелеріне, сенім білдірілген тұлғалар мен бақылаушыларға ПТР-тестілеу жүргізіледі. Бүгінгі таңда COVID-19 инфекцмясы бойынша 5386 адам тексерілді: сайлау комиссияларының 2992 мүшесі, 1823 байқаушы, 571 сенімді тұлға. Тексеру қорытындысы бойынша, сайлау комиссиясының 9 мүшесінде ПТР-тесттің оң нәтижесы анықталды», — деді Бақыт Бектемісова.

Естеріңізге сала кетейік, елорда коронавирустың таралу қарқыны бойынша «сары аймақта» орналасқан. Тұрғындар барлық шараларды, яғни бетперде киіп, қашықтықты сақтау керек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109