Елордада 10 қаңтар күні қоғамдық көліктер тегін болады
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктері 10 қаңтарда қалыпты жұмыс істейді. Бұл күні қалада қатынайтын автобустың бәрінде жол жүру тегін болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты City Transportation Systems (CTS) компаниясына сілтеме жасап.
«Құрметті жолаушылар! 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көлігі қалыпты жұмыс істейді. Бұл күні қалада қатынайтын бағыттарда жол жүру тегін болады. Автобустар әдеттегідей таңғы сағат 6.00-ден 23.00-ге дейін жүреді. 11 қаңтарда қоғамдық көлік жұмысын жалғастырады. Төлем қолма-қол ақшасыз жасалады. Бетперде тағу режимін сақтау туралы естеріңізге саламыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды», – делінген CTS таратқан ақпаратта.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz