Елорда әкімі Алтай Көлгінов сайлауда дауыс берді
Елорда әкімі Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауында дауыс берді. Алтай Көлгінов таңғы 7:30-да Қазақ ұлттық өнер университетінің №329 сайлау учаскесінде дауыс берді. Естеріңізге сала кетейік, сайлау учаскелері 10 қаңтар күні сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан азаматтары өз таңдауын жасай алады, яғни сайлау күні олар 18 жасқа толуы тиіс.
Қала тұрғындары дауыс беру үшін өз учаскесін онлайн-режимде ЖСН, тегін, атын, әкесінің атын және туған күнін не сайлаушы тіркелген нысанның (көше, үй) мекенжайын көрсете отырып, анықтай алады:
1) әкімдіктің веб-порталы; astana.gov.kz. (баннердің басты бетінде «astana.gov.kz/ru/polling/poisk-izbiratelnogo-uchastka» өз сайлау учаскеңізді табыңыз»);
2) Smart Astana мобильді қосымшасы («Қалалық қызметтер» бөлімінде);
3) @smartastana_bot телеграм-боты («қызметтер бөлімінде).
Сондай-ақ, интернетке шығу мүмкіндігі жоқ жұрт үшін 109 iKomek бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Осы телефон нөміріне қоңырау шалып, азаматтар өз учаскесін таба алады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz