Сапиев, Ильин және өзге де спортшылар сайлауда дауыс берді
Бүгін, яғни 10 қаңтар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:00-де ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау басталды. Елордада барлығы 283 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлауға қоғам қайраткерлері, спортшылар, қазақстандық жұлдыздар қатысып жатыр. Ел тарихындағы маңызды оқиғаға спорт өкілдері де белсене атсалысуда, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Алғашқылардың бірі болып жастар арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы Айбек Оралбай мен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионы Нұрбек Оралбай, ауыр атлетикадан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин, Олимпиада чемпионы, саясаткер Серік Сәпиев және өзге де спортшылар өз дауыстарын берді.
«Мен азаматтық парызымды орындадым», – деп түсіндірді Илья Ильин.
Қазіргі уақытта спортшылардың көбінде қарқынды жаттығу жүріп жатыр. Алайда сайлауға қатысып, дауыс беруге де уақыт бөліп жатыр.
Атап айтқанда, қазақстандық боксшы Василий Левит АҚШ-тағы жиындар кезінде де дауыс беруге қатыспақ.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау учаскелері 10 қаңтар күні 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан азаматтары өз таңдауын жасай алады, яғни сайлау күні олар 18 жасқа толуы тиіс.
Қала тұрғындары дауыс беру үшін өз учаскесін онлайн-режимде ЖСН, тегін, атын, әкесінің атын және туған күнін не сайлаушы тіркелген нысанның (көше, үй) мекенжайын көрсете отырып, анықтай алады:
1) әкімдіктің веб-порталы; astana.gov.kz. (баннердің басты бетінде «astana.gov.kz/ru/polling/poisk-izbiratelnogo-uchastka» өз сайлау учаскеңізді табыңыз»);
2) Smart Astana мобильді қосымшасы («Қалалық қызметтер» бөлімінде);
3) @smartastana_bot телеграм-боты («қызметтер бөлімінде).
Сондай-ақ, интернетке шығу мүмкіндігі жоқ жұрт үшін 109 iKomek бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Осы телефон нөміріне қоңырау шалып, азаматтар өз учаскесін таба алады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz