Нұр-Сұлтанда ҚХА өкілдері сайлауға қатысты
Елордада барлық 22 этномәдени орталықтың мүшесі сайлауға белсенді қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
«Злата» болгар этномәдени орталығының төрағасы Ольга Андриевская сайлауды айтулы мерекемен байланыстыратынын атап өтті.
«Бүгін елімізде маңызды оқиға – Мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтіп жатыр. Қазақстан халқы өз таңдауын жасауы үшін учаскелеріне келіп жатыр. Еліміз өзінің саяси жолымен жүріп жатыр. Мен ҚР Ассамблеясының мүшесі, «Злата» болгар мәдени орталығының төрағасымын және өз елімнің саналы азаматы ретінде сайлау учаскесіне таңғы 7.00-де келіп, дауыс бердім. Сайлаудың ашықтығы, учаскелердің дайындығы байқалады. Ал комиссия мүшелері мен бақылаушылардың достығы өз алдына жеке әңгіме. Сайлаушылар отбасыларымен келіп, дауыс беріп жатыр, олардың арасында менің де отбасым бар. Тағы бір ерекшелігі 10 қаңтарда туған, сол сияқты сайлауға алғашқылардың бірі болып келген жұртқа сыйлықтар беріліп жатыр. Бүгін сайлауға келгендердің бәрі тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім, ел өмірінің гүлденуі үшін дауыс беретініне сенімдімін. Әркім өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымын танытуы және өзінің борышын орындауы тиіс. Мен бәріңізді сайлауға қатысуға шақырамын. Үйде отырып, шет қалмаңыздар. Еліміздің болашағы әрқайсымызға тікелей байланысты!» — дейді Ольга.
«Жайхун» қарақалпақ этно-мәдени орталығының жетекшісі Тазабике Салиева Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектепте орналасқан 91-учаскеде сайлау процесінің ерекше ұйымдастырылғанын атап өтті.
«Дауыс беру жұмысы бар болғаны бірнеше минутты алды. Мамандар тиісті талаптар мен ережелерді нақты әрі жылдам түсіндірді. Мұнда тәртіпсіз кезек, адамның көп болуы немесе жұрт арасында түсініспеушілік болған жоқ. Сол үшін оларға алғыс айтамын. Кез келген адамның кедергісіз және жедел түрде өз таңдауын жасауы үшін барлық жағдай жасалған», — деді Тазабике Салиева.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz