Елордада қоғам қайраткерлері дауыс берді
Серікзат Дүйсенғазы, Олжас Сыдықбек, Майра Ілиясова, Нұркен Өтеулов және өзге деа қоғам қайраткерлері сайлаудан шет қалмай, белсене қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Белгілі қоғам қайраткері Серікзат Дүйсенғазы тәуелсіз бақылаушы ретінде тіркелді. Бүгін таңертеңнен бастап ол өзге бақылаушылармен, саяси партиялардың сенімді өкілдерімен және БАҚ өкілдерімен қатар Қажымұқан көшесінде орналасқан №1 сайлау учаскесінде тәртіп пен заңдылықты қадағалайды.
«Бұл менің азаматтық парызым. Менің әрбір отандасым сайлауға қатысуы керек деп санаймын. Әзірге бәрі ойдағыдай жүріп жатыр. Сайлау процесіне қатысушылардан қандай да бір шағымдар немесе ескертулер түскен жоқ. Карантин шаралары қатаң сақталады. Астаналықтар өздерінің саналы таңдауын жасап жатқаны қуантады», — дейді Серікзат Дүйсенғазы.
Оның әріптесі Олжас Сыдықбек те осындай ойда екенін білдірді.
«Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Таңертеңнен бері өзімді керемет күйде сезініп отырмын. Бүгін біз өз болашағымызды, Қазақстанның болашағын таңдаймыз. Бұл күні әрқайсымыз өз таңдауымызды жасағанымызды қалаймын. Себебі, кез-келген мақсатқа бірігіп қол жеткізуге болады», — деді Олжас Сыдықбек.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz