Елордада сайлауда зейнеткерлер мен мүгедектердің дауыс беруіне жағдай жасалды
Елордада мүмкіндігі шектеулі жандармен зейнеткерлердің дауыс беруі үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Елордадағы дауыс беруге арналған сайлау учаскелері арнайы қолжетімділік құралдарымен, оның ішінде пандустармен және арнайы түймелермен жабдықталған. Дауыс беруге арналған үй-жайдың жанында волонтерлер жұмылдырылды, олардың міндеті — мұқтаж жандардың бәріне, оның ішінде сайлау учаскесінде дауыс беруге ниет білдірген мүгедектерге көмек көрсету.
«Біз — ескі, советтік кезеңнен бері шыныққан адамбыз. Мен үшін сайлау — елдің болашағына тікелей тәуелді үлкен саяси іс-шара. Сонымен қатар, бұл менің конституциялық құқығым. Ал мен өзім туған, жұмыс істеген және тұратын отанымның тағдырына бей-жай қарамаймын», — деді Екінші дүниежүзілік соғыстың 95 жастағы ардагері Раиса Сафоничева. Ол Шарапат орталығындағы сайлау учаскесіне барып дауыс бере алды.
«Мен үшін бұл мүмкіндігі шектеулі топтардағы жұрттың өзгелермен бірдей дауыс бере алуы өте маңызды. Әрқайсымыздың дауысымы маңызды»,— дейді бірінші топтағы мүгедек Ардақ Отарбаев.
Сондай-ақ, сайлау учаскелерінің өкілдері денсаулығына және егде жасына байланысты сайлау учаскелеріне бара алмайтын азаматтарға арнайы жәшіктерді алып үйіне бара алады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz