7785

Елорданың елді мекендерінде тұрғындар отбасыларымен бірге сайлауға қатысып, дауыс берді

Елорданың елді мекендерінде тұрғындар отбасыларымен бірге сайлауға қатысып, дауыс берді

Нұр-Сұлтан қаласының елді мекендерінде тұрғындар азаматтық ұстанымын танытып, сайлауда белсенді дауыс берді. Сайлаушылар учаскелерге отбасыларымен келді. Белсенді дауыс бергендердің арасында «Көктал-1», «Көктал-2», Агроқалашық», «Железнодорожный», «Күйгенжар», "
«Интернациональный»,«Өндіріс», «Кирпичный», «Пригородны», «Үркер» және т. б. елді мекендерінің тұрғындары бар.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтарда сайлау күні дауыс беру үшін 283 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Учаскелер барлық қажетті ұйымдастыру техникасымен жабдықталды, сол сияқты санитарлық нормалар сақталды.

«Үркер» тұрғыны Қарашаш Тәшенова ұйымдастырушылық тиісті деңгейде өткенін атап өтті.

«Менің сайлау учаскем мектепте орналасты. Кіреберісте арнайы аппараттар тұрды, еріктілер температурамызды өлшеп, қорғаныс қолғаптары мен маска берді. Дауыс берушілер көп болды. Сайлау үлкен маңызға ие. Әркім өз құқығын көрсетіп, идеялары мен көзқарасын сай келетін партияға дауыс беруі керек», — деді Қарашаш Тәшенова.

«Дауыс беруге қатысып келе жатқаныма қаншама жыл өтті. Бұл жолы кешкі уақытқа қарамастан азаматтық парызымды орындап, дауысымды бердім. Әрбір азаматтың дауысы еліміздің одан әрі өркендеуі мен дамуы үшін маңызды деп санаймын», — деді «Өндіріс» елді мекенінің тұрғыны Жанат Абдуллин.

Аталмыш елді мекендердің тұрғындары сайлау учаскелерінің жұмысын оң бағалады. Белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан азаматтары өз таңдауын жасай алды, яғни сайлау күні олар 18 жасқа толуы тиіс болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109