7782

2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының шеткі аймақтарында ірі 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

Биыл ел астанасының шеткі аймақтарына ерекше назар аударылып, дамуына айрықша көңіл бөлінеді. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елорданың шет аймақтарына ірі 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Елорданы «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» мастер-жоспарының тұжырымдамасы аясында дамытудамыз. Аудандарды дамытуды полиорталық концепциясына көшірдік, бұл — білім беру, медицина, демалыс орындары және т.б. нысандар тұрғындарға қолсозым жерде болуы үшін жасалды.

Елді-мекен тұрғындарымен кездесу барысында олар спортпен шұғылдануға, бос уақытын өткізуге арналған орындар салуды сұраған.

Биыл Өндіріс, Көктал, Үркер (Ильинка), Железнодорожный елді-мекендерінде ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін саламыз. Кешендерде спортпен айналысуға арналған кабинеттерден басқа (баскетбол, волейбол, үстел теннисі, тренажер залы, күрес, бокс) полиция бекеттері, пошта бөлімшелері, егде жастағы тұрғындарға арналған клубтар, ХҚО және т.б. нысандар орналасады. Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері тегін болады.

Мемлекет басшылығы елді-мекендерді дамытуға, соның ішінде бұқаралық спортты насихаттауға ерекше көңіл бөліп отыр. Ол үшін барлық жағдайды жасаймыз.

Мысалы, өткен жылы 760 мың шаршы метрден астам аула абаттандырылды: бұл 150-ден астам аула және 60 қоғамдық кеңістік. Қаланың ескі бөлігіне, сондай-ақ бұрын бос, қараусыз қалған жерлерге баса назар аударылды. Осылайша, елорда картасында жаңа ошақтар пайда болды. Биыл оларды ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырамыз.

Сондай-ақ, көктемнен бастап қаланы көгалдандыруды ерекше назарда ұстауды жалғастыра береміз. Мегаполисте экоаймақтар барынша көп болуы тиіс», — деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109