Елордада алдағы жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейді
Жексенбі күні, яғни 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
⠀
Айта кетейік, автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz