7671

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тұрғын үй мәселесін талқылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында былтыр Отбасы банкі елордада 11 мыңға жуық пәтер үлестірген болса, биыл бұл көрсеткіш арттырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Отбасы банкінің (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) түрлі мемлекеттік бағдарламалары баспана мәселесін шешудің тиімді тетіктерінің бірі. Оның ішінде «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламалары да бар. Бүгін ұйым басшылығымен осы жылға арналған жоспарлар талқыланды. Былтыр Отбасы банкі елордада 11 мыңға жуық пәтер үлестірген болса, биыл бірлесе отырып бұл көрсеткішті арттырамыз.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қолжетімді тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатырмыз. 2019 жылы 2 900 пәтер, 2020 жылы – 8 мың пәтер салынды. Биыл жеңілдікпен берілетін пәтер санын 10 мыңға ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Пәтерді халықтың әлеуметтік әлсіз топтарынан басқа Отбасы банкінде кезекте тұрғандар да ала алады.

Сондай-ақ, қаңтар айында, "жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы бойынша 350 пәтер береміз. Жыл соңына дейін тағы 1 мыңнан астам пәтер беріледі. Қолжетімді тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстарды жүйелі негізде жүргізіп жатырмыз», — деп жазды қала әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109