1988

Нұр-Сұлтан қаласында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі оқыту дәрістерін бастады.

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің білім орталығы 2021 жылғы алғашқы «Рухани жаңғыру: сананың ашықтығы» оқыту дәрістерін бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Оқыту семинар-тренингі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында арнайы бағыттары мен жобаларын, сонымен қатар негізгі 6 принципіне сәйкес үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асыру бойынша ұйымдастырылды.

Кеңсе жанындағы білім орталығы 2021 жылғы алғашқы оқыту семинар-тренингін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұжымынан бастады. Спикер ретінде тарих ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, «Мемлекет тарихы институтының» директоры – Еркін Әбіл шақырылып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлттық тарихтың қоғамының рухани жаңғырудағы рөлі» тақырыптарын түсіндірді.

Сонымен қатар, оқыту дәрістері Нұр-Сұлтан қаласының дін мәселелерін зерттеу орталығында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ның профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент - Даркенов Құрманғазы Ғазезұлының қатысуымен «Рухани жаңғыру: Ұлттық құндылықты сақтау мен дамыту» тақырыбында жалғасын тапты.
Семинар аясында жаһандану дәуірінде ұлт ретінде қалу мен одан әрі даму, өркендеу үшін ұлттық құндылықтарды сақтау, рухани жаңғыру маңызы жайлы айтылды.

Семинар тренинг соңында барлық қатысушыларға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің арнайы сертификаттары табысталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109