1896

2021 жылы Нұр-Сұлтанда оқушыларға 40 мың орын ашылады

Нұр-Сұлтан әкімдігінде мектеп құрылысы бойынша жұмыстарды жүйелі жүргізуде. 2021 жылы 2020 жылға қарағанда екі есе, 2019 жылмен салыстырғанда төрт есе көп орын ашылады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтты.

«Білім сапасы мен оған жағдай жасауға мән беру өте маңызды. Тұрғындар санының артуына байланысты мектептердегі оқушыларға орын жетіспеушілігін қысқарту үшін жыл сайын кемінде 10 мектеп салу керек. 2020 жылы 2019 жылға қарағанда пайдалануға берілген мектепер саны екі есеге көп. Бұл 11 білім мекемесі бұрын мектеп болмаған тұрғын алаптарда салынды. Ол жерлерде бұрын балалар бейімделген ғимараттарда оқыған.

Жаңа мектептер үш ауысымды мектептер санын 8-ден 4-ке қысқартуға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, бірқатар мектеп қазандық жылытудан орталықтандырылған жылытуға көшірілді. Бұл - мектептерге тек жылыту бойынша жыл сайын 100 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. 2021 жылы 15 ірігабаритті мектептер салатын боламыз. Бұл 40 мың орын ашуға  мүмкіндік береді», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

5 жылдық кешенді жоспар аясында 50 мектептің құрылысын жүргізуге жоспарланып отыр. Мектеп құрылысына жеке инвесторлар да тартылатын болады.

Бұдан бөлек, елорда әкімі Алтай Көлгінов қолданыстағы білім  ошақтарының күтіміне де тиісті көңіл бөлу керектгін атап өтті. Өткен жылы 26 білім нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді (мектептер, балабақшалар, колледждер).Бұл жұмыстар биыл да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109