2803

Нұр-Сұлтанда 2021 жылы 10 мың әлеуметтік пәтер салынады

Елордада 2021 жылы 10 мың әлеуметтік пәтер салынады. Бұған қоса «Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасы жалғасады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына есеп беру кездесуінде айтты.

«Құрылыс саласында қолжетімді баспана салу аса маңызды. Өткен жылы пандемияға қарамастан, елордада 3 млн шаршы метрден астам үй салынды, олардың 80% - жекеменшік инвестициялар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолжетімді баспана санын үш еса арттырдық. Мысалы, егер 2018 жылы 1 100 әлеуметтік пәтер салынса, 2019 жылы жеңілдікпен берілетін 2 900  пәтер, ал 2020 жылы 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынды. Биыл жеңілдікпен берілетін пәтер саны 10 мыңға дейін артады», - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, 2021 жылы елордада Елбасының бастамасымен басталған «Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы баспана» бағдарламасы жалғасады. Бағдарлама аясында жыл соңына дейін 1 мыңнан астам жас азамат үйлі болады.

Елорда әкімінің тапсырмасымен тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін артты, «Шаңырақ» (5-10-20) баспана сертификаттарын алушылар санатын кеңейту бастамасы көтерілді: егер бұрын тізімге халықтың әлеуметтік осал тобының 3 санаты ғана кірсе, енді барлық 9 санаты кіретін болды.

Елорда әкімдігі әлеуметтік нысандардың  жақын маңда болуын қамтамасыз ету жұмысын жалғастырып жатыр. Мәселен, жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында медицина мекемелері, оңалту орталықтары, балабақшалар, балаларға арналған үйірмелер, полиция пунктері мен т.б. ашылып жатыр.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109