1951

Елордада жеңіл атлетикадан «Nur-Sultan Open 2021» қала чемпионаты аяқталды

Екі күнге созылған чемпионатқа Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарынан, сондай-ақ Қарағанды, Нұр-Сұлтан қаласынан 175 спортшы қатысты. 2004-2005 және 2006-2007 жылғы жасөспірімдер жеңіл атлетиканың бес түрінен, яғни ядро лақтырудан, жүгіруден, эстафетадан, ұзындыққа секіруден және жеңіл атлетикалық жүрістен сынға түсті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-орынды 13 алтын, 8 күміс, 7 қола жүлдемен Қарағанды қаласы жеңіп алды. Екінші орында – Нұр-Сұлтан қаласы. Елордалық жеңіл атлеттер еншісінде 12 алтын, 11 күміс, 11 қола жүлде бар. Үздік үштікті 8 алтын, 14 күміс, 10 қола жүлдемен Солтүстік Қазақстан облысы қорытындылады.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев және жеңіл атлетикадан мемлекеттік жаттықтырушы Қуандық Елжанов арнайы марапаттады. Спортшыларға дипломдар мен медальдар табысталды.

«Бүгін міне екі күнге созылған жарыс өз мәресіне жетті. Бұл – осы спорт кешенінде ұйымдастырылған алғашқы жарыс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, елімізде бұқаралық спортты дамыту, өздеріңіздей жасөспірім балалардың әлемдік деңгейде өнер көрсетуіне мүмкіндік беру үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймын! Тек биік белестер мен шыңдарды бағындыра беріңіздер! Сіздерді әлемдік додаларда көрейік!» - деді басқарма басшысы өзінің құттықтау сөзінде.

«2006-2007 қыздар арасында 1-орынға ие болдым. Қуанышымда шек жоқ. Бұл жарысқа мен көп дайындалдым, оңай болған жоқ. Ең соңғы шешуші жүгіруде бар күшімді салдым. Осы екі күн бойы қарсыластарым да мықты екенін дәлелдеп жатты. Ендігі жоспар – алдағы жарыстарға дайындалу, биік шыңдарды бағындыру, туымызды халықаралық додаларда желбірету», - деді Ақмола облысының спортшысы Милена Ивкина.

Жарыстың бас төрешісі Құдайберген Зейноллаев карантин кезінде спортшылардың жарысты сағынғанын атап өтті.

«Балалар бұл жарысқа жеңіске деген құштарлықпен, ерекше талпыныспен келген. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Елдегі карантин талаптарына сәйкес қиындықтар да болды. Соған қарамастан жарысты жақсы өткізіп шықтық деген ойдамын. Командалық есепте көбінесе өзіміздің Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары жүлделі орындарға кіріп жатты, кейін Қарағанды қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы, жоғары жетістіктер көрсетті. Жаттықтырушылар да, спортшылар да алғыстарын білдіріп жатыр», - деді жарыстың бас төрешісі Зейноллаев Құдайберген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109