1796

Нұр-Сұлтанда екі мыңға жуық жол жұмысшы қар тазалауға шықты

Елордада 17 ақпаннан 18-іне қараған түні 7 мм қар жауды, бұл айлық норманың жартысына жуығын құрайды. Елордада қар жинау жұмыстары кешкі және түнгі уақытта қарқынды жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада қар қалыңдығының айлық нормасы 15 мм болса, ақпан айында 19 мм қар жауды. Ал өткен түнде қалыңдығы 7 мм болды.

Нұр-Сұлтанда 17 ақпаннан 18-іне қараған түні қар жинау жұмысына 500-ден астам арнайы техника мен 50-ден аса жол жұмысшы жұмылдырылды. Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер, яғни алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуар секілді орындар қардан тазартылады.

Өткен тәулікте елордадан барлығы 26 мың текше метр қар шығарылды. Ал биылғы қыста бас-аяғы 2 564 383 текше метр қар жиналды.

Естеріңізге сала кетейік, жиналған қар елордада орналасқан 11 полигонға шығарылады. Қалада қар жинау 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау мақсатында фото және бейнекамералар орнатылған.

Сонымен қатар, "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша, Нұр-Сұлтанда 18 ақпанда күндіз қар аралас жаңбыр жауып, тұман, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Ауа температурасы 1-3 градус жылы.

19 ақпанда қар, тұман, боран, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз және түнде -8-10 градус болады.

Ал 20 ақпанға қараған түні термометр бағандары -25-27 градус аязға дейін, ал күндіз -15-17 градусқа дейін төмендейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109