2018

Елордада волонтерлікпен айналысатын 3000-ға тарта жас бар

"Астана жастары" еріктілері елдің дамуына септігін тигізетін түрлі мәдени-бұқаралық, әлеуметтік, экологиялық іс-шаралардың басы-қасында қызмет етіп келеді. «Астана жастары» «Волонтерлер мектебіне» қабылдау үшін жастарды тегін дайындайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Волонтерлік мектеп» үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: әлеуметтік волонтерлік, ТЖ волонтерлері және халықаралық іс-шаралар.

Қазіргі уақытта "Астана жастары" КММ-де 300 белсенді еріктіден құралған арнайы команда бар. Ал қала бойынша барлығы 3000-ға тарта волонтер тіркелген. Сол сияқты 25 волонтерлік ұйыммен ынтымақтастық жүргізілуде.

Волонтерлер жұмысы мынадай бағыттарға бөлінеді: спорттық, әлеуметтік, EVENT, ECО, ТЖ (жаңа бағыт).

«Астана жастары» қатарында волонтер болу үшін не істеу керек? Бастысы төменде көрсетілген құжаттарыңыз болып, шарттарын орындауыңыз қажет:

* Жеке куәлік (паспорт, туу туралы куәлік);
* Сауалнама толтыру;
* Әңгімелесуден өту;
* Өтініш берушіге ұйымның сай келуін анықтау;
* Волонтер болу ниетіне сенімділік.

Волонтер болу туралы шешім қабылдасаңыз төменде көрсетілген сілтемелерге өтіп, байланысқа шыға аласыз:

www.astanajastary.kz
@astana_jastary
@astana_zhastary_volunteers

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109