2224

Елордада «Babytown» аула клубы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ «Нұр-Сұлтан қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ бірлесіп, Қабанбай батыр даңғылы, 5 мекенжайында орналасқан ерекше қажеттіліктері бар балаларға, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған «Babytown» жалпы білім беру-сауықтыру орталығының базасында жаңа аула клубын ашты. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Елорда Инфоға сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орайластырылған. Аула клубының ашылуына халықаралық дәрежедегі спорт шебері, пара биден әлем біріншілігінің 2017 жылғы чемпионы, пара би бойынша әлем чемпинонатының 2019 жылғы қола жүлдегері Ардақ Отарбаев қатысты.

Клубта каратэ, жүзу сияқты спорт секциялары, ал шығармашылық үйірмелерден сурет салу, би, балшық терапиясы, мектепке дайындық курстары, сондай-ақ массаж терапиясы ашылады.

«Жастар саясатының басты бағыттарының бірі – өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстанып, еліне еселі еңбек ететін дені сау азамат болып өсуіне себін тигізетін әртүрлі мүмкіндіктерді жасау. Сондай-ақ балалардың бос уақытын ұтымды пайдалануына, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардағы балалардың өзі қызығатын спорт немесе өнер түрлерімен айналысуына қолайлы орта әзірлеу де назарымыздан тыс қалып көрген емес. Бүгін міне осы мақсатта елордадағы 24-аула клубын ашып отырмыз. Орталық ерекше қажеттіліктері бар балаларға, жетім балаларға және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға ақысыз қызмет көрсетеді. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша мұндай аула клубтары қаламызда әлі көптеп ашылады, – деді клубтың ашылуына қатысқан қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Телманұлы.

Толық ақпарат алу үшін 8 (747) 190 9693 телефонына хабарласу, сондай-ақ Instagram-дағы ns_aula және astana_jastary парақшалары арқылы алуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109