1691

«Балалар мен театр»: елордалық оқушылар Музыкалық жас көрермен театрының екі қойылымын тамашалайды

Елордада мектеп оқушыларына арналған «Балалар мен театр» жобасы 2021 жылдың алғашқы күнінен бастау алған болатын. Бүгін жоба аясында оқушылар Музыкалық жас көрермен театрында М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «ҒАШЫҚ-ЖҮРЕК»  музыкалық-поэтикалық қойылымын тамашалайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш жобаға елорданың сегіз театры атсалысады: «Астана Опера» Мемлекеттік опера жән балет театры, «Астана Балет» театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Жастар театры, Қуыршақ театры, Музыкалық жас көрермен театры, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық театры, Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі жоба жас буынды өнерге баулып, театр әлемімен жақынырақ таныстыруға бағытталған. Енді мектеп оқушылары Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан театрлардың бірнеше қойылымын аптасына екі рет тегін тамашалай алады.

Бүгін, яғни 23 ақпан күні 11:00-де №82 «Дарын»  мамандандырылған лицейінің және №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің оқушыларына М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «ҒАШЫҚ-ЖҮРЕК»  музыкалық-поэтикалық қойылымы көрсетіледі.

«Ғашық-Жүрек» спектаклі - автордың ой-арманынан, жан сарайынан, ішкі танымы мен толғанысынан туған өлең-жырлары мен әндеріне құрылған сахналық қойылым. Оның қоюшы режиссері – Аман Ғұмаров. Мұқағали Мақатаевтың бейнесін театр актері Қазбек Есқара, ал ақиық ақынның досы Шәмілдің бейнесін театр актерлері Ерназар Жаңатілек және Асқар Жұмабеков сомдайды. Сондай-ақ, спектакльге театрдың барлық әртістері қатысады.

Ал 25 ақпанда 15:00-де №86 мектеп-гимназиясының және №87 мектеп-гимназиясының оқушыларына арнап М.Әуезовтің «АБАЙ-ТОҒЖАН» спектаклі өтеді. Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы – бүгінге дейінгі ұлы ақын жайлы қойылған шығармалардан болмысы бөлек, бейнесі ерек жаңа туынды. Балалар мен жасөспірімдердің дүниетанымына, талғамына, рухани болмысының қалыптасуына әсер ететін бұл қойылым Абай ғұмырының бозбала кезеңінен көрініс береді. Инсценировка авторы – Мирас Әбіл, режиссері – Асхат Маемиров, музыкалық кеңесші – Димаш Құдайберген, қоюшы-суретші – Алма Сырбаева, композиторы – Бауыржан Ақтаев, балетмейстері – Шырын Мұстафина, хормейстері – Ғалымжан Берекешев.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109