2055

Нұр-Сұлтандағы жаңа оңалту орталығы БЦП ауруына шалдыққан 600 баланы емдеуге қауқарлы

Нұр-Сұлтанда өткен жылдың желтоқсан айынан бастап №1 қалалық балалар ауруханасы базасында Тұңғыш Президент Қоры мен «Самұрық-Қазына» қолдауымен ашылған «Қамқорлық» жаңа оңалту орталығы жұмыс істейді. Оңалту орталығы БЦП диагнозы бар 600-ге жуық баланы жыл сайын қосымша тегін медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.

«Орталықта балаларға тірек-қимыл аппаратына емдік-қалпына келтіру терапиясын жүргіземіз. Сондай-ақ, интеллектуалды дамумен айналысамыз. Тиісті заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған интерактивті бөлмелер бар. Интерактивті бөлмелер есту, көру, сезімтал және тактильді анализаторлардың жанасуын дамытуға бағытталған. Су процедуралары, эрготерапия және механотерапия кабинеттері қарастырылған», - деп атап өтті елорда әкімдігінің «№1 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры Лариса Павловец.

Елорда әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ерекше қажеттіліктері бар балаларға жан-жақты жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі. Мәселен, өткен 2020 жылдың өзінде қалада «Асыл Мирас», «Erekshe balalar», «Орда» аутизм орталығы сияқты бірқатар ірі оңалту орталықтары ашылды. Олар БЦП, аутизм, даун синдромы және т.б. диагноздары бар балаларды оңалтумен айналысады.

Сондай-ақ, қаладағы жаңа үйлердің бірінші қабаттарында «қадамдық қолжетімділікте» бизнес объектілер емес, шағын орталықтар, балабақшалар, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орталықтары (ПМПК), «үйдегі дәрігер» нысандары ашылуда. Мысалы, 2020 жылы қаланың түрлі аумағынан «үйдегі дәрігер» жобасының 29 нысаны ашылды.
Сондай-ақ, инватакси саны 2 есеге артты.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109