2412

Елордада бір тәулік ішінде карантин талаптарын бұзған 14 кәсіпкерлік субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Елорданың мобильді топтары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына және карантиндік шаралардың қатаңдатылуына қарамастан қалада күн сайын карантин режимін бұзушылар анықталуда. Өткен тәулікте мобильдік топтар осындай 14 фактіні тіркеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданының мобильді топтары 6 кәсіпкерлік субъектінің карантинді бұзғанын анықтады. Мысалға «Alco Market» алкогольді ішімдіктер дүкенінде маска режимі сақталмаған. Ал «Happylon» аттракциондар паркі, «Invictus» фитнес-клубы, «Inforno» мейрамханасы, «Tequila» бары, «Pei Zdes» лаундж-бары белгіленген уақыттан кейін де жұмыс істеді.

Карантин режиміне қойылған шектеулерді Сарыарқа ауданындағы «Kidli kids», «Cotton Turkiye», «Коттон» дүкендері мен «Биньковский» бары да бұзды.

Тәртіп бұзушылар қатарында «Small» гипермаркеті, сондай-ақ Байқоңыр ауданының Сембинов көшесіндегі кейбір мекемелер, Алматы ауданындағы «Панаехали» бары және «Аққайың» кафесі бар.

Жоғарыда аталған фактілер бойынша рапорт жасалды. Тәртіп бұзушыларға қатысты материалдар кәсіпкерлік субъектілерін жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймаққа» енген. Кеше елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаладағы карантиндік шектеулерді қатайту туралы жаңа қаулыға қол қойды. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінен карантин режимін қатаң сақтауды және адам көп жиналатын орындардан аулақ болуды талап етеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109