2471

Әкімдікте су тасқыны қаупінің алдын алу және болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды

Елорда аумағында тасқын судың алдын алу және болдырмау жөніндегі кешенді жоспар аясында 2021 жылы су басудың 29 ықтимал учаскесі анықталды. 2019 және 2020 жылдармен салыстырғанда бұл сан сегіз учаскеге азайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жоспарға сәйкес су басудың ықтимал учаскелерінің толық тізімі анықталды. Елордада мұндай 29 учаске бар. Нақтырақ айтқанда, Алматы ауданында – 7, Байқоңыр ауданында – 8, Есіл ауданында – 9, Сарыарқа ауданында – 5. 2019 және 2020 жылдармен салыстырғанда сегіз учаскеге азайды.
Су тасқыны кезеңін өткізуге дайындық бойынша кешенді жұмыс 2020 жылдың қазан айынан басталды. Аудандық комиссиялардың құрамы бекітілді. Қаланың барлық тұрғын алаптары, соның ішінде Қараөткел, Өндіріс, Көктал-1, Көктал-2, Железнодорожный, Пригородный және Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптары есепке алынды.
Су тасқыны қауіпті 29 учаскеде азаматтық қорғау органдарының жеке құрамынан 663 адам және 185 бірлік техника тобы тұрақты дайындыққа келтірілді, сондай-ақ құрамында 190 адам коммуналдық қызметтердің күштері мен құралдары, 138 бірлік техника және 22 бірлік өрт сөндіру және сорғы станциялары бекітілді.
Айта кетейік, 2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша қала аумағынан 5,315 млн текше метрден астам қар шығарылды. Бұл ретте елордадағы 11 полигонның арасында қар толып, жабылып қалғаны жоқ. 100 000 текше метрден астам суды сору жүзеге асырылды.
Су тасқынының алдын алу және салдарын жою үшін 12,6 тонна инертті материал қоры және 3,5 мың қап дайындалды. Азық-түлік және жанар-жағармай материалдарын жеткізуге 3 меморандум жасалды (азық-түлікпен жабдықтауға 2 меморандум, ЖЖМ-ға 1 меморандум).
Бұдан басқа, төтенше жағдайлар кезінде халықты қоныстандыру бойынша 4 қонақүймен меморандумдар жаңартылды және жалпы саны 1500 адамға арналған 10 уақытша орналастыру пункті дайындыққа келтірілді.
Сонымен қатар, Есіл мен Сарыбұлақ өзендерінің жағасын нығайту, түбін тереңдету және түзету, Майбалық көлінен Нұра-Есіл каналына дейін су бұру каналын орнату жұмыстары жалғасып жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109