1865

Биыл елордада 7000 үлескер баспаналы болады

Елорда әкімдігі 2021 жылдың соңына дейін 50-ден астам тұрғын үй құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл тағы 7 мың үлескерге пәтер кілтін тапсыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Айта кету керек, 2019 жылдың жазында елордада 52 проблемалық нысан болатын. Сол жылы 10 проблемалы құрылыс аяқталды.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша 14 нысанда 20 үйдің мәселесі шешілді. 2723 үлескер өз пәтерінің кілтін алды. Әкімдіктің уәкілетті ұйымы «Елорда құрылыс компаниясы» 2021 жылы 18 нысанда 57 үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл шамамен 7 мың үлескер», - деді «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС Басқарушы директоры Мақсат Шаяхметов.

Қалған ұзақ құрылыстарды аяқтау 2021-2023 жылдар ішінде жоспарланып отыр.

Әрбір проблемалық нысан бойынша кезең кезеңімен іске асатын іс-шаралар жоспары жасалды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109