1404

COVID-19 инфекциясының адам денсаулығына кері әсері: Дәрігер пікірі

Коронавирус адамның барлық ағзасына әсер етеді. Дұрыс ем қабылдамаған жағдайда ауру асқынып, мүгедек қылуы немесе өлімге алып келуі әбден мүмкін. Тіпті кей жағдайда иммундық жүйені зақымдап, ағзаға қарсы қояды. ҚР ДСМ штаттан тыс балалар инфекционисі Динагүл Баешева COVID-19 індетіне қатысты бірқатар сұраққа жауап берді, деп елорда әкімдігінің ресми сайты «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Цитокинді дауыл деген не?

«Бұл адам ағзасында имммундық жүйенің өзгеріп істейтін жұмысы. Мысалы иммундық жүйенің өзгеріп жұмыс істеуі цитокинді дауыл мен коронавирус инфекциясында кездесуі мүмкін. Бұл ауру бірнеше кезеңнен құрылады. Бірінші инкубациялық кезең 14 күнге созылады. Содан кейін катарльды кезең, ары қарай – аурудың айқын болуы. Міне осы айқын болу кезеңінде цитокинді шторм басталып кетуі мүмкін. Сол себепті ол адам ағзасындағы иммундық жүйенің кері әсері деп санауға болады», - деді маман.

Неліктен бәрі бірдей ауырмайды? Вирус жұқтырғандармен байланыста болғандардың кейбірі жұқтырады, ал енді бірінен мүлде анықталмайды.

«Жұрт арасында ауру жұқпайды деген түсінік болды. Бірақ былтыр ауырмаған адамдар биыл өте ауыр түрде ауырып, кейбірі тіпті қайтыс болып кетті. Сондықтан вирус ешкімге жұқпайды деп айтуға болмайды», - дейді Динагүл Баешева.

COVID-19-дың салдары қандай болады?

«Бір елде қант диабетімен ауырғандар көбейіп кетті. Ал енді тағы бір ел асқынудан соң мүгедек болып қалуы мүмкін деген шешім шығарып жатыр. Жұрт арасында бұл тұмау тәрізді, ауырып болған соң жазылып кетеді деген ұғым да бар. Бірақ айналып келгенде оның бәрі адамның иммундық жүйесімен, оның өмір сүру салтымен байланысты», - деді ҚР ДСМ штаттан тыс балалар инфекционисі.
COVID-19 өкпені қалай зақымдайды?

«COVID алдымен адам ағзасында кеудеге зақым келтіреді. Сол себепті оны көбіне компьютерлік томографиямен белгілейді. Зақымданудың төрт дәрежесі бар. Адам ағзасындағы вирустың асқынуы сол дәрежеге байланысты», - деді ақхалатты дәрігер.

Өкпесі қабынған адамдар жаттығулар жасау арқылы ауруын жеңілдете ала ма? COVID-19 адамның ақыл-есіне қалай әсер етеді?

«Дәрігермен ақылдаса отырып, демалу гимнастикасын жасауы керек.

2021 жылы миына зақым келтірген 13 жастан жоғары бес бала түсті. Миына МРТ түсіргенімізде тамырына зақым келгенін көрдік. Бірақ емдеу жүргізгеннен кейін балалардың ес-түсі орнына келіп, оңалып кетті. Ал одан кейін балалар толық аман-есен жазылып кететіні, емделгеннен кейін қандай ақау қалатыны жөнінде зерттеу жүріп жатыр», - деп ойын қорытындылады Динагүл Баешева.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109