1395

Елордада «Nur-Sultan theatre week» театр фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елордада "Nur-Sultan theatre week" халықаралық театр фестивалі өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Екпе алған тұрғындар санының көбеюі мен КВИ-ге қарсы ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы қалыпты өмірге біртіндеп оралуға мүмкіндік береді. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, 28 қазан мен 1 қараша аралығында «Nur-Sultan theatre week» халықаралық театр фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз. Елордамыздың барлық театры қатысады, сондай-ақ шетелдік театр ұжымдары шақырылады.
Бұл мәдени шараның мақсаты – мәдениет қайраткерлерін қолдау, көрермендерге де, фестиваль қатысушыларына да мерекелік көңіл-күй сыйлау. Бұл фестивальді өткізуге алғаш рет қаланың барлық инфрақұрылымы, оның ішінде шағын және орта бизнес тартылады. Театр апталығы кезінде көрмелер, театр сахнасының жетекші театрлары мен мэтрлерінің түрлі мастер класстары ұйымдастырылады, сондай-ақ қала тұрғындары арасында спектакльдердің қызықты премьералық қойылымдарына билеттер ойнатылады. Театр апталығын ұйымдастыруға қатысты барлық ақпарат www.visitnursultan.kz сайтында орналастырылады.

Мәдениет ғимараттары мен олардың аумағын өзгерту бойынша жұмыс жүріп жатыр. Мысалы, өткен жылы жаңа қазақ драма театры өз ашылды, онда саябақты абаттандырамыз. Сондай-ақ, «Астана Опера» театрының қасында емен бағы, «Астана балет» театры мен Қ. Қуанышбаева атындағы қазақ музыкалық драма театрының қасында бақ болады. Сондай-ақ, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қайта жанданды.

Биыл Жастар сарайы мен жас көрерменнің музыкалық театрын жалғайтын «театр бульвары» жаяу жүргіншілер аллеясы, сондай-ақ А.Мәмбетов көшесінің (Кенесары көшесі мен Абай даңғылының арасындағы) учаскесінде орналасқан «Demalys Promenade» алғашқы жаяу жүргіншілер көшесі ашылды. Бұл кеңістіктің басты артықшылығы – шығармашылық кәсіби қызметтің жиынтығы. Онда өнер көрсету алаңдары, суретшілер бұрышы, шахмат ойнайтын орындар, ұлттық ойындар (асық, тоғыз құмалақ), спорттық жаттығуларға арналған орындар, сурет көрмелеріне арналған орындар, кітап аймақтары, шатырлы сауда-көрме алаңы және т.б. бар», – деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109