1118

Агроқалашық және Оңтүстік-Шығыс елді мекендерінің тағы бір бөлігі газға қосылды

Елорда әкімдігі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен бірлесіп Агроқалашықтың қалған бөлігін және Оңтүстік-Шығыс елді мекенінің оң жағын газға қосты. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтанда Қазақауыл, Ақбидай шағын аудандарында, сондай-ақ қаланың Потанин көшесінің ескі бөлігінде көгілдір отынды іске қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Қазір Нұр-Сұлтанда газға Көктал-1, Көктал-2, Теміржолшылар, Промышленный, Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс елді мекендері, сондай-ақ, ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 екі жылу электр орталығы қосылды. 650 км кварталішілік газбен жабдықтау желілері салынды.
Осылайша, қазір елорданың 11 мың үйі газға қосылуға қол жеткізе алады. Газбен жабдықтаудың ішкі желілерін дайындаған тұтынушылар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға өтініммен жүгінуі қажет.

Жыл соңына дейін Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендері газбен қамтамасыз етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, газдандыру – Елбасының ауқымды жобасы, ол қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, қала экологиясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Қаланы газдандыру мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109