1178

Елордада ревакцинация: 784 адам COVID-19-ға қарсы қайта екпе алды

Коронавирустық инфекцияға қарсы қайтадан вакцина алушылар арасында медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері, 60 жастан асқан және иммунитеті төмен адамдар бар. Бұл туралы әкімдікте өткен онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

«Бүгінгі күні қала бойынша КВИ-ға қарсы ревакцинаны медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері, 60 жастан асқан және иммунитеті төмен адамдар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингентінен 784 адам алды. Олардың ішінде 170 адам отандық QazVac вакцинасымен қайта вакцинацияланды, қайта егу үшін 500-ге жуық азамат Sinofarm VeroCell вакцинасын таңдады», - деді Мұратов.
Ведомство басшысы ревакцинация санитарлық нормалар мен компоненттер арасындағы аралықты қатаң сақтай отырып жүргізілетінін атап өтті. Вакцинаны қайтадан медициналық ұйымдардың және СОО, т.б. вакциналау пункттерінен алуға болады.

«Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау қаланың 31 медициналық және ведомстволық ұйымында орналасқан 72 егу кабинетінде, сол сияқты 4 сауда үйі мен орталықтарында («Азия Парк», «Абу Даби Плаза», «Керуен», «Евразия») және «Нұрлы Жол» теміржол вокзалында жүргізіледі», - деп хабарлады Мұратов.

Ол сонымен қатар COVID-19-дан қорғаудың тиімді әдістерінің бірі ретінде ревакцинацияның маңыздылығын атап өтті.

«Вирус мутацияға ұшырайды және біз одан әрі не күтіп тұрғанын білмейміз, яғни адамда ауру қаншалықты қиын болуы мүмкін, инфекцияның жылдамдығы мен таралуы белгісіз. Мен тағы да қала тұрғындарын вакцина алуға және өзін қорғауға шақырғым келеді. Әрине, вакцинация – бұл ерікті процедура, бірақ біз дәрігер ретінде вакцинацияның қажеттілігі мен оның тиімділігі еске салуымыз қажет. Вакцинация сияқты ревакцинация да иммунитетті қорғауда маңызды», - деп түйіндеді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде елордада коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін 432 мың адам алған. Нұр-Сұлтанда ревакцинация 22 қарашада басталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109