1057

iKOMEK ТЖ режимі кезінде елорда тіршілігін қамтамасыз етудің барлық мәселелері бойынша күшейтілген режимде жұмыс істейді

iKOMEK бірыңғай байланыс орталығы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жедел штабтың шұғыл желісі қызметін атқарады. Орталық күшейтілген режимде жұмыс істейді, елорда азаматтарының тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің барлық мәселелері бойынша өтініштерін қабылдап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап енгізілген төтенше жағдай сұрақтары бойынша кеңес береді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Интернеттің ажыратылуына байланысты iKOMEK109 үздіксіз жұмыс істеп, бірден бір коммуникация құралына айналды. Орталықта ТЖ режиміне қатысты барлық сұрақтар жедел түрде атқарылады. iKOMEK109 орталығына ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан бастап бүгінгі таңға дейін 58 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Ең көп қоңырау саны 5 және 6 қаңтар күндері: 20 мыңнан астам қоңырау қабылданды.

iKOMEK109 байланыс орталығы өткен тәуліктерде консультациялық сипаттағы 8 мыңнан астам қоңырауды қабылдады. Сұрақтардың көпшілігі төтенше жағдайға қатысты – 2 919, көбінесе блокпосттар арқылы кіріп-шығу, қоғамдық көлік жұмысы, коменданттық сағат, кімнің жүріп-тұруына болады деген сипаттағы сұрақтар қойылды. Екінші орында денсаулық сақтау саласындағы сұрақтар – 1 918, коронавирусқа, жаңа омикрон-штамына қатысты сұрақтар. Үшінші орында қоғамдық көлік мәселелері – 895, азаматтарды қала ішінде қоғамдық көлікпен жүру, жолақысын төлеу және т.б. сұрақтар алаңдатты. Қала тұрғындары сонымен қатар, қала тіршілігін қамтамасыз ету, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау мәселелерімен жүгінуде.

«iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен төтенше жағдай режимі кезеңінде орталыққа келіп түсетін өтініштер легі артты, оған жедел түрде жауап беріп жатырмыз», - деді iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

Сонымен қатар «iKOMEK» жағдаятттық орталығы аясында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция және Төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесе отырып, елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Жедел штаб аясында бейнебақылау жүйесі арқылы қоғамдық тәртіпке мониторинг жүргізіледі. «iKOMEK» жағдаяттық орталығының бейнебақылау операторлары тарапынан қоғамдық тәртіп пен коменданттық сағатты бұзушылар анықталып, жедел түрде Полиция департаментінің қызметкерлеріне беріліп жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109