1761

«Омикрон» балаларда да ауыр өтіп жатыр – инфекционист

Елордада респираторлық вирустық аурулардың өсуі ерекше байқалып отыр, әсіресе коронавирустық инфекция еріксіз алаңдаушылық тудыруда. Дәрігерлер үшін ересектерге де, балаларға да бірдей әсер ететін жаңа «омикрон» штамының пайда болуы қиындық тудырып отыр. Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, дәрігер-инфекционист Динагүл Баешева инфекцияның қаупі және оның таралуының алдын алу жолдары туралы айтты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Динагүл Баешеваның айтуынша қазір респираторлық вирустық аурулар деңгейінің көтерілуі кезеңінде тұмаумен қатар коронавирустық инфекция ерекше алаңдаушылық тудыруда.

«Бұл проблема әлі де өзекті болып саналады, өйткені елімізде аса жұқпалы «омикрон» штамы пайда болды. Оның берілу жылдамдығы «дельта» штамынан бірнеше есе жоғары. Кез келген жастағы адамға, оның ішінде балаларға да оңай тиіп жатқан жоқ. Шетелдік дәрігерлердің мәліметінше, «омикрон» балаларда да ауыр өтіп жатыр, оны біз де өз көзімізбен көріп отырмыз. Коронавирустың қандай штамы болмасын иммунокомпрометирленген адамдарда, қосымша ауруы бар науқастарда, сол сияқты онкологиялық аурулармен, иммун тапшылығы жағдайларымен және өзге де ілеспе аурулармен ауыратын науқастарда ерекше ауыр өтеді», - деп түсіндірді дәрігер.

Оның айтуынша аурудың экспоненциалды түрде өсіп кетпеуі және күніне мың немесе одан да көп адам ауырмауы маңызды.

Ол үшін азаматтар эпидемияға қарсы іс-шараларды қатаң сақтауы тиіс: әлеуметтік қашықтық, маска режимі, қол жуу, қолды көздің және мұрынның шырышты қабатына тигізбеу, адам көп жиналатын орындарға бармау.

«Өкінішке қарай, біз кішкентай баласы бар ата-аналардың сауда орталықтарында алаңсыз серуендеп жүргенін жиі көреміз. Қазіргідей жағдайда мұндай орындарда демалу орынсыз. Егер балаңыздың денсаулығын ойласаңыз барынша түсіністікпен қарап, оқшауланған орындарда демалғаныңыз жөн. Біз еліміздегі барлық стационарлар бойынша талдау жүргізіп, 2021 және 2020 жылдары коронавирустық инфекциямен ауырғандардың санын салыстырдық. Нәтижесінде 2021 жылы КВИ-мен ауыратындар саны 5 есе, ал ауыр науқастар саны 20 есе өскенін көрдік», - деді инфекционист.

Ол ата-аналарды балаларының респираторлы ауру белгілері бар туыстарымен, жақындарымен, таныстарымен қарым-қатынаста болмау керектігін айрықша атап өтті. Себебі коронавирустың белгілері ұқсас: жұтқыншақтың ауыруы, жөтел және т. б.

Дәрігер вакцинацияны COVID-19-дан қорғанудың оңтайлы және тиімді шарасы деп атады.

«Бүкіл әлемдік қауымдастық вакцинацияның тиімділігіне көз жеткізді. Егер баламызды ауыр асқынулардан сақтағымыз келсе міндетті түрде вакцинациялауымыз керек. 2021 жылы вакцинацияны уақытылы алғандарды құтқару мүмкін болды, ал вакцинаның төлқұжатын сатып алғандардан айырылып қалдық. Балалар бұл ауруды оңай өткерсе де вирустың кейінгі салдары қандай боларын білмейміз. Коронавирусқа қарсы вакцинация бүгінгі таңда ең тиімді алдын алу шараларының бірі болып саналады», - деп қорытындылады Динагүл Баешева.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109