1326

Елордада жарты млн-нан астам адам КВИ екпесінің алғашқы компонентін алды

Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова қала тұрғындарына КВИ-ға қарсы вакцинациядан өтуге және санэпидрежимді сақтауға шақырды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Әлия Рүстемованың мәліметінше, бүгінде елордада 515 мыңнан астам азамат бірінші компонентпен вакцинацияланды, бұл тиісті контингенттің 72%-ын құрайды, 490 мыңға жуық адам, оның ішінде жүкті және бала емізетін ана, Pfizer препаратымен вакцинациялауға жататын жасөспірімдер иммундаудың толық курсынан өтті. Pfizer-дің екі компонентін 10 400-ден астам адам алды, олардың 6800-ден астамы – жасөспірім, 3300-і – бала емізетін, қалғаны – жүкті әйелдер.

«Жағдай ушығып тұр, біз өткен жылдардың қайталанғанын қаламаймыз. Қала тұрғындарынан осы мәселеге жауаптылық танытуын сұраймын және барлығын вакцинациялауға шақырамын. Әлемдегі барлық сарапшы вакцинаның жұмыс істейтінін, бұл пандемияға қарсы тиімді әдіс екенін мойындады», - деді ол қала тұрғындарына.

Елордада коронавирустық инфекцияға қарсы азаматтардың ревакцинациясы жалғасуда. Бүгінгі күні қала бойынша КВИ-ға қарсы ревакцинацияны медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері, 60 жастан асқан және иммунитеті төмен адамдар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен тиісті контингенттен 24 мыңнан астам адам алды.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен азаматтардың назарын қазіргі эпидемиологиялық жағдайға тағы да аударғым келеді! Отбасыңыздың қауіпсіздігі үшін эпидемиологиялық талаптардың сақталуын ескеруіңізді, жауапкершілік танытуыңызды және эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға күш салуыңызды сұраймыз. Дәрігерлер вируспен үшінші жыл күресіп келеді, бірақ дәрігерлер санының шегі бар екенін ойлану керек! Медицина қызметкерлері COVID-19-бен алдыңғы шепте күресіп келеді. Сондықтан кез-келген мәселеде сіз алдымен өзіңізден бастауыңыз керек! Өз денсаулығымыз үшін өзіміз ғана жауаптымыз!» - деп қорытындылады Әлия Рүстемова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109