1125

Елордадан бір түнде 1,5 мыңға жуық жүк көлігі қар шығарды

Елорданың коммуналдық қызметтері қар күреу жұмысын кешкі және түнгі уақытта қарқынды түрде жүргізе отырып, күшейтілген режимде тәулік бойы жалғастыруда. Бүгін, 13 қаңтарда қалада қар күреу жұмысына 2 мыңға жуық жол жұмысшы мен 1100 арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

12 қаңтардан 13 қаңтарға қараған түні ғана қаладан 21 594 текше метр қар шығарылды, бұл шамамен 1,5 мың жүк көлігінің көлеміне тең.

Айта кету керек, биылғы қысқы кезеңде елордадан 1,8 миллион текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына шамамен 135 мың рейс жасалды.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109