2413

Елордада мобильді бригадалар тәулік бойы жұмыс істеуге көшті

14 қаңтардан бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының (емханалардың) колл-орталықтары мен мобильді бригадалары толықтай тәулік бойғы жұмыс режиміне көшеді. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова штаб отырысында мәлімдеді.

Бүгін елорда әкімі А.Көлгінов, Денсаулық сақтау министрі А.Ғиният, Денсаулық сақтау басқармасы, емханалар мен инфекциялық стационарлар басшыларының қатысуымен эпидемиологиялық ахуал мәселелері бойынша қалалық штабтың отырысы өтті. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша негізгі мәселелер талқыланды.

Әлия Рүстемованың айтуынша, коронавирусты жұқтыру көрсеткішінің артуына байланысты мобильді бригадалар саны екі есеге жуық артты.
«Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 14 қаңтардан бастап МСАК ұйымдарының колл-орталықтары мен мобильді бригадалары толықтай тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті. Елорда әкімдігі қала тұрғындарына қызмет көрсету үшін қосымша көлік бөлді. Эпиджағдайдың нашарлауына байланысты қашықтан бақылау және КВИ бар пациенттерді жеткізу жұмысы күшейтілді», - деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Қалада барлығы 36 МСАК ұйымы КВИ жұқтырған амбулаториялық бақылау және емдеу жүргізеді. Бүгінгі таңда елордада 13 мыңнан астам қала тұрғыны КВИ-мен амбулаториялық емделуде. Мобильді бригадалар күнінен шамамен 1500 мың науқасқа қатынайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109