2056

Елордада жол бойына қоқыс тастаған 7 мыңнан астам жүргізуші жазаланды

Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық орындарда қоқыс тастағаны үшін 150-ге тарта адам әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды astana.kz сайтына қалалық ІІД.

Елордалық полиция қызметкерлері ұсақ тәртіп бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қалыптастыру жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық орындарда қоқыс тастағаны үшін 150-ге тарта адам әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды astana.kz  сайтына қалалық ІІД.

«Жыл басынан бері барлығы 15 мыңға тарта әкімшілік тәртіп бұзушылық анықталып, жол бойына қоқыс тастағаны үшін 7 мыңнан астам жүргізуші жазаланды. Осы әкімшілік жазалар үшін оларға 68 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ қаланың абаттандыру ережесін бұзған адамдар да жазадан тыс қалмайды. Осы жылдың бірінші тоқсанында ПИК-тердің 30-дан астам басшысы мен 20 шақты мердігерлік ұйымдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Алдын алу шаралары ретінде жоғары оқу орындары мен басқа да жерлерде сот мәжілістерін өткізу тәжірибеге енгізіліп келеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109