Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

289

Еңбек жолындағы алғашқы қадам: түлек тәжірибені қайда жинайды

Жас маман қайда жұмысқа орналаса алады? Бұл сұрақ, әсіресе, жоғарғы оқу орындары мен колледждерді тәмамдаған мыңдаған түлек үшін өзекті. Жұмыс берушілер, ең алдымен, әлеуетті қызметкерінің еңбек өтіліне қарайды. Жастардың жұмыс орнын іздеуі айларға, жылдарға созылуын болдырмау мақсатында Астанада «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы сәтті іске асуда. Былтырдың өзінде елордада тағылымдамадан өткен 915 жас маманның 640-ы тұрақты жұмыспен қамтылыпты. Бағдарламаның басымдықтары мен оның негізгі талаптары жайында елорда әкімдігі ресми сайтының тілшілері оның қатысушыларымен әңгіме барысында біліп қайтты. 

23 жасар Айдар Адамбаев – келешегі зор заңгер. Бүгін тәжірибе жинақтап жатқан жас маман, бағдарламаның қарапайым ережелерді сақтауға үйрететінін айтады.

«Қазіргі таңда заңгерлерге деген сұраныс аз екендігін өзіңіз де білесіз. Өз мамандығым бойынша тәжірибе жинақтай алатыным туралы хабарландырудан білдім. Мен қазір өз жұмысымның ретін ғана емес, жұмыс берушімен өтетін әңгімелесулер барысында өзімді қалай ұстау керектігін білемін.  6 ай өткеннен кейін маман тәжірибе жинақтаған жұмыс орнында қалуды қаламаса да, оның еңбек өтілі құжат негізінде расталады. Сондықтан басқа жұмыс беруші оны өз өндіріс орнына алуға қорықпайды», - дейді Айдар Адамбаев. 

Айдар елордадағы заң компанияларының бірінде «Жастар тәжірибесінен» өтіп жатыр. Оның басшысы Данияр Такенов бұл бағдарлама бойынша мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатқанына бірнеше жылдың жүзі болып қалыпты. 15 жылдық тәжірибесі бар заңгер маманның біліктілігін тек еңбек өтілі ғана ұштайтынын жақсы біледі. 

«2017 жылы біздің компанияда тағылымдамадан 4 маман өтті. Олардың үшеуі бүгін штатта жұмыс істейді. Биыл да осы бағдарлама негізінде жастарды үйретуді жөн көрдім. Олармен әңгімелесу барысында мен тіл табысу қабілеттеріне, бастысы, жұмыс істеймін деген ынтасына қараймын», - дейді компания директоры.

 Ал Евгений Матковский осы бағдарлама бойынша тәжірибе жинақтап, тұрақты жұмысқа орналасқандардың қатарында. Қазан айында оның  Данияр Такеновтың компаниясында заңгер ретінде қызмет етіп жатқанына бір жыл болады. Бүгінгі таңда бозбаланың өз оқушылары бар. Ол «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының зор көмегін атап өтеді.

«Жұмыс берушілер оқуды жаңа ғана бітірген түлектерді жұмысқа алғысы келмейді. Олар қызметшісінің еңбек өтілінің, жұмыста қол жеткізген жетістіктерінің болғанын қалайды. Айналып келгенде, түлектің жұмысы болмаған соң, еңбек өтілі болмайды. Еңбек өтілі болмаған соң, жұмысы болмайды. Сол себепті, бұл бағдарламаның жастарға тигізер көмегі зор. Бүгін жастар мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың барын жақсы біледі, оны  сезеді де», - дейді жас заңгер. 

Бүгінгі таңда «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша елорданың мемлекеттік мекемелері мен жеке меншіктегі кәсіпорындарында 620 адам тағылымдамадан өтіп жатыр. Тәжірибе жинақтаушылардың еңбекақысы республикалық бюджет есебінен төленеді. Оның мөлшері 25 АЕК-ті құрайды. Осы жылдың басынан астаналық мамандардың жалақысына жергілікті бюджет есебінен 10 АЕК мөлшерінде қосымша қаражат бөлінеді. 

ЖШС директоры Данияр Такенов «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау ісін жалғастыру ниетте. Ол сияқты кәсіпкерлердің саны Астанада жылдан жылға артып келеді. Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, 2016 жылы бағдарлама бойынша 196, 2017 жылы 295 жұмыс берушімен келісім жасалыпты. 

Айта кетейік, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына жасы 29-дан аспаған, оқу орнын 3 жыл (шекті мерзім) бұрын  тәмамдаған азаматтар қатыса алады. Ең бастысы, үміткердің алған білімі бойынша еңбек өтілі болмауы тиіс.

Толық ақпаратты мына нөмірлер бойынша алуға болады: + 7 (7172) 72-93-56, 57-89-12. Халықты жұмыспен қамту орталығының мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» ІО.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109