1621

Астана Еуразия ақпараттық коммуникациясының маңызды бір торабына айналды

Астанада еуразиялық БАҚ-ты кәсіби жетілдіру үшін XI Еуразиялық медиафорумы өтуде. Екі күн бойы Қазақстан астанасында қазіргі заманның ең өзекті бүгінгі күн мәселелері талқыланатын болады.

Астанада еуразиялық БАҚ-ты кәсіби жетілдіру үшін XI Еуразиялық медиафорумы өтуде. Екі күн бойы Қазақстан астанасында қазіргі заманның ең өзекті бүгінгі күн мәселелері талқыланатын болады.  

Халықаралық Форумды Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Ол өз сөзінде Еуразиялық медиафорум он бір жылдық тархында саясаткерлер мен түрлі елдердің журналистік сарапшы қауымдастығы арасында пікір алмасудың бірегей алаңына айналды. Ал  Астана өзінің жаңа Қазақ медиаорталығын іске қосқалы Еуразия ақпараттық коммуникациясында ең маңызды тораптардың бірі атанды.  

Медиафорумға қатысу үшін әлемнің 60-тан астам елінен  көрнекті халықаралық саясаткерлер мен экономистер, журналистер мен қоғам қайраткерлері келді. 

Талқылаудың негізгі тақырыбы Ауғанстаннан АҚШ пен НАТО әскерлері шығарылғаннан кейінгі қауіпсіздік мәселелері, Таяу Шығыстағы жағдай мен Еуропалық экономикалық одақтың келешегі, ақпараттық қауіпсіздік пен Қазақстандағы «жасыл экономиканың» нақты мүмкіндіктері болды.   

Елбасы таяу болашақта заманауи соңғы инновациялық  идеялар жүзеге асырылатын жаңа орталық ретінде Астананы да назардан тыс қалдырған жоқ.

«Баршаға белгілі, Астана қаласы «Болашақ энергиясы» деген ұранмен Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізетін орын болып таңдалды. Біз оның дайындығына кірісіп те кеттік. Барлық мемлекеттерді, іскерлік ортаны, бұқаралық ақапарат құралдарын дайындық жұмыстары мен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге белсене қатысуға шақырамын»,- деді Мемлекет басшысы сөзін түйіндей келіп.

Ертең Форумға қатысушылар пікірталасты жалғастырады. Мәжіліс тақырыбының бірі –  Астанада 2017 жылы ЭКСПО-ны өткізу, Қазақстан мен аймақтардың экономикасын дамыту әлеуеті мен елімізде жасыл экономиканы құру нақтылығы болмақ.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109