Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Жалпы ақпарат

«Астана қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қаласының аумағында білім беру мекемелерінің қызметін бақылау мен басқаруды іске асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Басқарманың миссиясы: азаматтардың сапалы білім алуға конституциялық құқығын, білім қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, қоғамның білім саласындағы және мемлекеттегі білікті кадрларға деген сұранысты қанағаттандыру болып табылады.

Басқарманың негізгі міндеттері:

  • өңірлік, демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, мектептен тыс, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
  • -  қоғам дамуының өзгеру жағдайларына сәйкес қаланың білім беру жүйесінің қызмет етуін және оны әлеуметтік-экономикалық қорғауды қамтамасыз ету;
  • -  білім беру саласындағы мемлекет саясатының принциптері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім беруді дамыту және білім бағдарламаларын игеру үшін жағдай жасау;
  • -  оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану, бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын қалыптастыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;
  • -  педагогика қызметкерлерінің әлеуметтік статусын көтеруді қамтамасыз ету.
  • -  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық санаттағы балалардың құқықтарын іске асырумен байланысты кешенді іс-шараларды жүзеге асыру;

ББ сайтына сілтеме: http://bilim.astana.kz/

Балабақшаға кезекке тұру және кезекті қарау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 58 «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейінгі) балаларды есепке қою» мемлекеттік қызметі «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығының негізінде қабылдау қызмет алушының таңдауы бойынша жедел қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109