Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы

Инвестициялар елдің экономикалық әлеуетін қолдау мен арттыруда маңызды рөл ойнайды. Қазіргі таңда Астана қаласының әкімшілігі үшін де, сондай-ақ жалпы Республика үшін де инвестицияларды тартудың басым тәсілі мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі болып табылады. Жобаларды жүзеге асырудағы негізгі құрал ретінде біз МЖӘ механизмі бойынша жеке инвестицияларды көріп отырмыз.

Көп жағдайда МЖӘ жобаларын жүзеге асыру мемлекеттік қолдауды қолдана отырып, оның ішінде жер учаскелерін ұсынумен, инвестциялық шығындарды өтеу және басқа да қаржылық қолдау түрлерін ұсынумен, жеке сектордың есебінен әлеуметтік инфрақұрылым және өмір қамтамасыз ету объектілерін қаржыландыруды, құруды, пайдалануды білдіреді.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және өзара тиімді ынтымақтастыққа инвесторларды тарту мақсатында Астана қ. әкімшілігінің жанынан «Astana Invest» Инвестицияларды дамыту қалалық орталығының Мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы әрекет етеді, ол өз қызметінің шеңберінде қалалық МЖӘ жобаларын консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асырады.

МЖӘ Орталығының функцияларына кіреді:

  • МЖӘ туралы заңнамаға сәйкес барлық қажетті құжаттаманы дайындау (қаржылық үлгі, сайыс құжаттамасы, МЖӘ келісімшартының жобасы); 
  • сайым қатысушыларымен МЖӘ бойынша комиссияның келіссөздік үдерісінде консультациялық қызметтер көрсету;
  • әкімшілік пен жеке әріптестің арасында келісімшарт жасасуға дейін жобаларды сүйемелдеу; 
  • жеке әріптестерді (инвесторларды) іздеу;
  • МЖӘ сұрақтары бойынша дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізу.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz