Елордада Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Астана ветсервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны негізінде иттер мен мысықтар уақытша ұсталатын оқшаулағыш жұмыс істейді.

Оқшаулағыш 100 темір тордан тұрады. Жануарларды ұстау мерзімі – 3 күн.

Уақытша ұстау мерзімінде иттер мен мысықтар қажетті деңгейде күтіледі және тамақтандырылады, темір торларда күнделікті механикалық тазалау және зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Аталған пана шаруашылық жүргізу құқығындағы «Астана ветсервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының базасында Астана қаласы Алаш тасжолы, 3 мекен жайы бойынша орналасқан, тел. 57-03-54.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz