Нұр-Сұлтан әкімдігі http://astana.kz/kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы kz Нұр-Сұлтан әкімдігі http://astana.kz/site/img/site-logo/logo-alt-kz.svg http://astana.kz/kz/news/news/28914 Fri, 17 Sep 2021 17:17:00 +0600 Нұр-Сұлтанда симфониялық оркестр XXII концерттік маусымның шымылдығын ашты
Концерт Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының үлкен залында өтті. Ұжымның көркемдік жетекшісі – Берік Батырхан және бас дирижер – Ернар Нұртазин көрермендерге қызықты бағдарлама ұсынды.

Бүгінде бағдарламаларының әртүрлілігі мен симфониялық оркестрдің орындалуының жоғары деңгейі музыка сүйер қауымға ерекше кеш сыйлауда. Тыңдармандар симфониялық оркестрдің орындауында ХХ ғасырдың ұлы композиторы – Игорь Стравинскийдің Firebird балетінің музыкасынан, атақты француз композиторы – Морис Равельдің вальсі мен сюитасын тыңдап ерекше әсер алды. Орыстың ұлы композиторы Петр Чайковскийдің әйгілі «Рококо тақырыбындағы вариацияларды» виртуоз виолончельші – Ермек Құрманаев орындады.

Сондай-ақ, кеш бағдарламасында қазақтың талантты композиторы – Шырын Базарқұлованың скрипка мен оркестрге арналған композицияларын белгілі скрипкашы Динара Базарбаева-Сахаман орындады.

Айта кету керек, музыкалық кеш санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өтті.

Фото: Александр Куприенко
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/09bdd136c29453a2336310a9896c542a.jpg http://astana.kz/kz/news/news/28913 Fri, 17 Sep 2021 17:09:00 +0600 Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Нұр-Сұлтан қаласының басты жетістіктері
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың төрағалығымен өткен дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, алаштанушы Дихан Қамзабекұлы, филология  ғылымдарының докторы Серік Негимов және өзге де зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, ғалымдар, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар, жастар қатысты.

Жиынды жүргізген Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов сөз басында ел астанасын Сарыарқа төріне көшіру Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен стратегиялық шешімі екенін айрықша атап өтті.

«Қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылындағы өткен әрбір он жылдық атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр. Алғашқы он жылдық егемен Қазақстанның өз дербестігін қалыптастыру кезеңі болды. Екінші он жылдықта еліміз тұғырын нықтап, керегесін кеңейтіп, іргесін бекітті. Үшінші он жылдықта мемлекетіміз шын мәнінде кемеліне келіп, әлемдік саясаттың төріне озды. Оның әрқайсысында, әрбір жетістігімізде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолтаңбасы жатыр.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы аталған Жолдауда «Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы» деп ерекше атап көрсетті», - деді әкім орынбасары.

Нұр-Сұлтан – саяси оқиғалардың ғана емес білім-ғылым мен мәдениеттің ордасына айналып отыр. Бүгінге дейін көз ілеспес жылдамдықпен дамып, еліміздің еңселі елордасына айналды.

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аяқталып, жаңа 30 жылға қадам басқалы отырмыз. Елбасымыз да, Президентіміз де өз Жолдауларында алдымен ел бірлігін, тыныштығын, әлеуметтік жағдайын, елордамыздың дамуын бірінші кезекте қозғайды. Тұңғыш Президентіміз Елтаңбамызды қабылдар тұста еліміздің, елордамыздың дамитын өз жолы бар екенін айтып өткен. Осы 30 жылда шынымен өз жолымызбен дамып, дүни жүзіне танымал болып келеміз», – деді Жандарбек Мәлібек.

Тәуелсіздіктің 30 жыл ішінде Қазақстан көптеген қиындықтарды, сындарлы сәттерді еңсеріп, әлемге танылған мерейлі мемлекетке айналды. Ал Нұр-Сұлтан қаласы әлемге танылған мемлекеттің символына айналып отыр.

«Елбасы ел астанасын Ақмола жеріне көшіргендегі айтқан ойы да, идеясы да батыс пен шығыстың ортасында берекелі ел пайда болуы керек дегенге негізделген. Ол берекелі ел – жаңғырған Қазақстан деген еді Елбасы. Бұл елімізге білім-ғылымның келуіне, жаңа көзқарастағы білімді жастарымыздың өсіп-өнуіне әсер етті.
Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық шаралардың бәрі осы идеяның, ұстанымның арқасында болып жатыр», – деді Дихан Қамзабекұлы.

Ғалым сөзін жалғай отырып, рухани жаңғыру аясында атқарылған шаруалардың, олардың бас қаланың дамуы жолындағы артықшылықтарына кеңінен тоқталып өтті.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдағы жасампаз егемендіктің басты символы туралы ойласақ еліміздің бас қаласы – Нұр-Сұлтан қаласы ойымызға оралады. Ол заңды да. Себебі халықаралық сарапшылардың өзі сонау егемендіктің алғашқы жылдары өркениетті өзгерудің жаңа сындары, қауіп-қатерлері тұрғанда, жаңа мемлекет құрылып жатқан кезде Елбасының бастауымен елордамыздың Алматыдан Арқа төріне қоныс аударуын үлкен модернизациялық жоба ретінде бағалайды. Өткен ғасырдың соңы мен осы ғасырға қарасақ жаңа астана салып, үлкен экономикалық, геосаяси өзгеріс жасаған мемелекеттер жоқтың қасы. Жаңа мемлекет, жаңа жүйе құру кезінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 32 критерийге жауап беретін жаңа астананы құру туралы ұсыныс білдірді. Міне 30 жылдан кейін сол өзгерістің жеңісті, жемісті болғанын көріп отырмыз», – деді «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев.

«Бүгінге дейін үлкен жетістіктерге жеттік. Елордамыз әлемге танылды. Қазір қайда барсақ та елордамызбен мақтанамыз. Нұр-Сұлтан – білім, бейбіт, инновация ордасына айналып отыр. Оның бәрі бірлігіміздің арқасы деп сеніммен айта аламын. Бірлігіміздің негізі – Елбасымыздың жүзеге асырған саясаты. Осы саясаттың нәтижесінде қаншама ұлт, ұлыс бірлесіп, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Тұңғыш Президентімізге қашанда алғысымыз шексіз», – деді Қазақстан халқы ассамблеясы өзбек мәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов.

Жиын соңында қатысушылар елорданың бүгінгі таңдағы дамуын талқылап, еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы көптеген жетістіктері Нұр-Сұлтан қаласымен байланысты екенін атап өтті.

Айта кетейік, алқалы жиын санитарлық талаптарды толықтай сақтай отырып өтті.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/8e0bd472498bd0ab288652e9f95f6a9f.jpg http://astana.kz/kz/news/news/28912 Fri, 17 Sep 2021 12:24:00 +0600 Нұр-Сұлтанның мониторингтік топтары карантин талабын бұзған 9 мекемені анықтады
Өткен тәулікте, 16 қыркүйекте мониторингтік топтар қаланың 9 кәсіпкерлік объектісінде бұзушылықтарды анықтады.

Сарыарқа ауданындағы "Good Game" ойын клубы карантин талаптарын елемеген. Байқоңыр ауданында орналасқан "Панаехали" барында да шектеу шаралары сақталмады. Алматы ауданында "F16-ZEINE" кафесі жұмыс режимін бұза отырып жұмыс істеді.
Есіл ауданында карантин бұзушылар тізіміне 6 қоғамдық тамақтану орындары кірді: "Khan El Khalili" кафесі, "INCOGNITO" караоке-бары, "LOTO CLUB" клубы, "Tequila" бары, "Bariton" бары және "Панаехали"кафесі.

Тәртіп бұзушыларға қатысты барлық жиналған материалдар тиісті әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Айта кету керек, COVID-19-бен ауырғандар санының төмендеуіне қарамастан, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша "қызыл" аймақта қалып отыр. Сондықтан елорда тұрғындары мен қонақтары бетперде кию режимін, әлеуметтік қашықтықты, қол гигиенасын қатаң сақтауы тиіс. Азаматтар өздерінің және айналасындағылардың денсаулығын сақтау үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі керек, өйткені вакцинамен иммундау қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі болып табылады.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/0cd7a7123a061fe4a899234f0da15262.jpg http://astana.kz/kz/news/news/28911 Fri, 17 Sep 2021 09:56:00 +0600 Елордада «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері АЛЖИР тұтқындарын еске алды
«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының
Нұр-Сұлтан қалалық филиалы әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар мен акциялар өткізіп, жастардың патриоттық бағытта тәлім-тәрбие алуына атсалысуда.

«Тағылымға толы тарих». Осындай атпен аталмыш аптаны бастаған «Жас Сарбаз» қозғалысы өз қатарындағы тәрбиеленушілерді «АЛЖИР» мемориалды кешеніне саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мақсатында алып барды.

«Бүгінгі іс-шарадан өте қатты әсер алдым. Ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша күресіп, кейінгі ұрпақ алаңсыз өмір сүру үшін атқарған еңбектері, ерліктері жаныма қатты әсер етті. Музей қызметкерінің бізге айтқан әңгімелері тарихи оқиғаларды жете түсінуге септігін тигізді. Іштегі патриоттық сезім ұлғая түсті», – деді «Жас Сарбаз» тәрбиеленушісі Нұрасыл.

Алдағы күндері жассарбаздықтар Тұңғыш Президент мұражайына барады.

Айта кету керек, «Жас сарбаз» қозғалысы Елбасының бастамасымен 2018 жылы құрылған. Оның қатысушылары жастарға, оқушылар мен студенттерге әскери-патриоттық тәрбие берумен айналысады. «Жас Сарбаз» қызметінің арқасында биыл Нұр-Сұлтандағы әскери-патриоттық клубтардың саны 150-ге дейін өсіп, 6000-ға жуық бала қамтылды.

Жыл сайын қозғалыс әскери-қолданбалы спорт түрлерінен түрлі жарыстар өткізеді.

«Ұйымымыздың құрылғанына небәрі үш жыл болса да тәрбиеленушілеріміз көптеген акцияларға, сенбіліктерге, ағаш отырғызуға белсенді қатысып келеді. Бұл жыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналғандықтан, біз тағы бір жобаны – «Тәуелсіздік тірегін» іске асыруды жоспарлап отырмыз. Алдағы барлық іс-шаралар осы жоба аясында өткізіледі», – деді «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Айта кетейік, іс-шара санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/dbf24f8b6b2f950f94066eddb9fcf028.jpg http://astana.kz/kz/news/news/28910 Fri, 17 Sep 2021 08:58:00 +0600 Нұр-Сұлтанда «қызыл» статусы бола тұра оқшаулау режимін бұзғандар анықталды
Карантинді бұзушылар "ASHYQ" жобасы бойынша жұмыс істейтін сауда-ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық тамақтану объектілерінде және халыққа қызмет көрсету орталықтарында анықталды. Соған сәйкес, ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 87 510тг (30 АЕК) көлемінде айыппұл салынды.

Бұл азаматтар өзін-өзі оқшаулау режимін саналы түрде бұзғанын және сол арқылы басқа адамдардың қоғамдық денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеміз. Олар кімдер?

1. Аристанова А.Б.

2. Валиев Б.К.

3. Каппасова Д.Т.

4. Падалко Ю.В.

5. Хабибулова К.Ж.

6. Габдоллова Б.С.

7. Садыкова С.А.

8. Айтжанов А.М.

9. Жумагулова С.Е.

10. Молдабаева А.Т.

11. Курмангалиева Ж.К.

12. Есенбекова Г.Б.

13. Абдирова Н.К.

14. Альдибекова С.Т.

15. Байбориев М.

16. Акимова Ж.

17. Куч П.Ю.

Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантиніндегі тұрғындарды инфекцияны таратпас үшін, өзін-өзі оқшаулау режимін қатаң сақтауды сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, қауіпті инфекцияға қарсы жалғыз тиімді құрал вакцинация болып қала береді. Тек жаппай вакцинация COVID-19-бен күресуге көмектеседі.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/ff593db0f57a1d7d26a4a0c07966bc5a.jpg http://astana.kz/kz/news/news/28909 Thu, 16 Sep 2021 18:20:00 +0600 Елордада «Nur-Sultan theatre week» театр фестивалі өтеді
«Екпе алған тұрғындар санының көбеюі мен КВИ-ге қарсы ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы қалыпты өмірге біртіндеп оралуға мүмкіндік береді. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, 28 қазан мен 1 қараша аралығында «Nur-Sultan theatre week» халықаралық театр фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз. Елордамыздың барлық театры қатысады, сондай-ақ шетелдік театр ұжымдары шақырылады.
Бұл мәдени шараның мақсаты – мәдениет қайраткерлерін қолдау, көрермендерге де, фестиваль қатысушыларына да мерекелік көңіл-күй сыйлау. Бұл фестивальді өткізуге алғаш рет қаланың барлық инфрақұрылымы, оның ішінде шағын және орта бизнес тартылады. Театр апталығы кезінде көрмелер, театр сахнасының жетекші театрлары мен мэтрлерінің түрлі мастер класстары ұйымдастырылады, сондай-ақ қала тұрғындары арасында спектакльдердің қызықты премьералық қойылымдарына билеттер ойнатылады. Театр апталығын ұйымдастыруға қатысты барлық ақпарат www.visitnursultan.kz сайтында орналастырылады.

Мәдениет ғимараттары мен олардың аумағын өзгерту бойынша жұмыс жүріп жатыр. Мысалы, өткен жылы жаңа қазақ драма театры өз ашылды, онда саябақты абаттандырамыз. Сондай-ақ, «Астана Опера» театрының қасында емен бағы, «Астана балет» театры мен Қ. Қуанышбаева атындағы қазақ музыкалық драма театрының қасында бақ болады. Сондай-ақ, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қайта жанданды.

Биыл Жастар сарайы мен жас көрерменнің музыкалық театрын жалғайтын «театр бульвары» жаяу жүргіншілер аллеясы, сондай-ақ А.Мәмбетов көшесінің (Кенесары көшесі мен Абай даңғылының арасындағы) учаскесінде орналасқан «Demalys Promenade» алғашқы жаяу жүргіншілер көшесі ашылды. Бұл кеңістіктің басты артықшылығы – шығармашылық кәсіби қызметтің жиынтығы. Онда өнер көрсету алаңдары, суретшілер бұрышы, шахмат ойнайтын орындар, ұлттық ойындар (асық, тоғыз құмалақ), спорттық жаттығуларға арналған орындар, сурет көрмелеріне арналған орындар, кітап аймақтары, шатырлы сауда-көрме алаңы және т.б. бар», – деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/7cf751635805d436a8ac3bd744218406.jpg http://astana.kz/kz/news/news/28908 Thu, 16 Sep 2021 16:30:00 +0600 Жылыту маусымы: Елордада көмір қоры құрылды
Атап өту керек, елорда әкімдігі Нұр-Сұлтанда көмір сатумен айналысатын компаниялармен, соның ішінде қара отын бағасының өсуіне жол бермеу туралы меморандумдар жасасты.

«Қалада 12 жерде көмір сатуды қамтамасыз ететін 7 компания бар. Аталған орындарға қалаға әкелінетін көмірдің негізгі бөлігі жеткізіледі және осы жерден көмір саудасы жүзеге асырылады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі барша тұрғындарды көмір сатып алуды алдын ала қамтамасыз етуге шақырады. Күн суығанда көмірді жұрттың бәрі жаппай сатып алатындықтан кезектер туындауы мүмкін. Мұндай жағдай болмас үшін біз қыркүйек айынан бастап халықты көмір сатып алуға шақырамыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов.

Белгіленген бағаларға сәйкес, елордадағы көмірдің орташа құны:

Шұбаркөл тоннасына – 13 200 тг;

Қаражыра тоннасына – 13 500 тг;

Майкөбе тоннасына – 12 000 тг;

Богатырь көмірі тоннасына – 9 500 тг.

«Қазіргі уақытта қоймада 800 тоннаға жуық Шұбаркөл көмірі мен екі мың тоннаға жуық Майкөбе көмірі бар. Ешқандай кезек жоқ, негізінен Көктал-1, Көктал-2 Агроқалашық тұрғын үй алаптарының халқы көмірді бізден сатып алады, бірақ биыл олардың барлығы газға қосылады. Көмір қыс бойы жеткізіліп тұрады», - деді «Бек-Айда» ЖК қойма меңгерушісі Дулат Құсайынов.

Нұр-Сұлтанда көмірді мына мекенжай бойынша сатып алуға болады:

- Герцен көшесі, 4/1 - Қаражыра сорты, Қаражыра тұтынушысы.;

- Сороковая станция - Қаражыра сорты, Қаражыра тұтынушысы.;

- Герцен көшесі, 6/2 - Ұсақ богатырь, Майкөбе, Қарағанды, Жалын, Қаражыра, Шұбаркөл сорты.;

- Көктал, 28/1 - Майкөбе;

– Жұбанов к-сі, 35 - Шұбаркөл;

- Көктал, 28/2 - Шұбаркөл;

- Ж. Жабаев көшесі, 68 - Қаражыра сорты, Қаражыра орешек;

– Мақат к-сі, 40 – Қаражыра сорты, Қаражыра;

- Герцен көшесі, 6Б – богатырь, Қаражыра, Жалын, Майкөбе;

- Сороковая станция - Шұбаркөл.

Сондай-ақ, 109 нөмірі бойынша «жедел желі» құрылды, ол арқылы қала тұрғындары көмір сататын орындардағы қара отын құны мен қорлары туралы біле алады. Бұл ақпарат күн сайын жаңартылып отырады.

https://astana.gov.kz/data/media/news/images/6ff8a45b3fcd0a7b9983ccedeeb5f320.jpg http://astana.kz/kz/news/news/28897 Thu, 16 Sep 2021 15:51:00 +0600 Елорда әкімдігі үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс ұйымдарының тізімін жариялады
Төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) жарамсыз болып саналады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі өз қаражатыңызға сақ болуды сұрайды. Рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алуды кеңес етпейді.

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Туындаған сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 8 мекенжайы бойынша орналасқан «Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-ге жүгінуге болады.

Байланыс телефондары: 8 (7172) – 55-04-28, 55-04-30.

Үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімімен мына жерде танысуға болады.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/4d9cfabb4cf7d73822f24173e8549a3b.jpeg http://astana.kz/kz/news/news/28896 Thu, 16 Sep 2021 12:28:00 +0600 Нұр-Сұлтанда екі күнде бес мекеме карантин тәртібін бұзды
Осылайша, екі күнде, яғни 14 және 15 қыркүйекте мониторингтік топтар қаладағы бес мекемеде карантин талаптары бұзылғанын анықтады.

Алматы ауданындағы Манас көшесінде орналасқан «Лото клубында» белгіленген жұмыс тәртібі ескерілген жоқ.

Сондай-ақ, Байқоңыр ауданындағы «Шымкент Life» және «Шашлыкоff» барларында карантин режимі сақталған жоқ. Сарыарқа ауданының тәртіп бұзушылар тізіміне «Time to Smoke» кальян-бары мен «Берлин» кафесі енді.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.

Айта кету керек, COVID-19 инфекциясының азайғанына қарамастан Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша «қызыл» аймақтан шыққан жоқ. Сондықтан елорда тұрғындары мен қонақтары бетперде тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты, қол гигиенасын қатаң сақтауы тиіс. Азаматтар өздерінің де, айналасындағылардың да денсаулығын сақтау үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі керек, өйткені иммундау қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі болып саналады.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/6566026694691311b608ae9630ad9956.jpg http://astana.kz/kz/news/news/28895 Thu, 16 Sep 2021 11:50:00 +0600 COVID-19 инфекциясының адам денсаулығына кері әсері: Дәрігер пікірі
Цитокинді дауыл деген не?

«Бұл адам ағзасында имммундық жүйенің өзгеріп істейтін жұмысы. Мысалы иммундық жүйенің өзгеріп жұмыс істеуі цитокинді дауыл мен коронавирус инфекциясында кездесуі мүмкін. Бұл ауру бірнеше кезеңнен құрылады. Бірінші инкубациялық кезең 14 күнге созылады. Содан кейін катарльды кезең, ары қарай – аурудың айқын болуы. Міне осы айқын болу кезеңінде цитокинді шторм басталып кетуі мүмкін. Сол себепті ол адам ағзасындағы иммундық жүйенің кері әсері деп санауға болады», - деді маман.

Неліктен бәрі бірдей ауырмайды? Вирус жұқтырғандармен байланыста болғандардың кейбірі жұқтырады, ал енді бірінен мүлде анықталмайды.

«Жұрт арасында ауру жұқпайды деген түсінік болды. Бірақ былтыр ауырмаған адамдар биыл өте ауыр түрде ауырып, кейбірі тіпті қайтыс болып кетті. Сондықтан вирус ешкімге жұқпайды деп айтуға болмайды», - дейді Динагүл Баешева.

COVID-19-дың салдары қандай болады?

«Бір елде қант диабетімен ауырғандар көбейіп кетті. Ал енді тағы бір ел асқынудан соң мүгедек болып қалуы мүмкін деген шешім шығарып жатыр. Жұрт арасында бұл тұмау тәрізді, ауырып болған соң жазылып кетеді деген ұғым да бар. Бірақ айналып келгенде оның бәрі адамның иммундық жүйесімен, оның өмір сүру салтымен байланысты», - деді ҚР ДСМ штаттан тыс балалар инфекционисі.
COVID-19 өкпені қалай зақымдайды?

«COVID алдымен адам ағзасында кеудеге зақым келтіреді. Сол себепті оны көбіне компьютерлік томографиямен белгілейді. Зақымданудың төрт дәрежесі бар. Адам ағзасындағы вирустың асқынуы сол дәрежеге байланысты», - деді ақхалатты дәрігер.

Өкпесі қабынған адамдар жаттығулар жасау арқылы ауруын жеңілдете ала ма? COVID-19 адамның ақыл-есіне қалай әсер етеді?

«Дәрігермен ақылдаса отырып, демалу гимнастикасын жасауы керек.

2021 жылы миына зақым келтірген 13 жастан жоғары бес бала түсті. Миына МРТ түсіргенімізде тамырына зақым келгенін көрдік. Бірақ емдеу жүргізгеннен кейін балалардың ес-түсі орнына келіп, оңалып кетті. Ал одан кейін балалар толық аман-есен жазылып кететіні, емделгеннен кейін қандай ақау қалатыны жөнінде зерттеу жүріп жатыр», - деп ойын қорытындылады Динагүл Баешева.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/07d455ff67907cc1b48d170e767f99b9.jpg http://astana.kz/kz/news/news/28894 Thu, 16 Sep 2021 10:29:00 +0600 Елордада ұстаздар қауымы Президент Жолдауын талқылады
1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдағы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарын атап өткені белгілі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын №77 мектеп-гимназиясы ұжым болып тікелей эфирде тыңдадық. Президент отандық ғылым саласына көңіл бөлінуі керек екенін қозғап өтті. Осы реформалар жүзеге асырылса білім сапасының артуына үлкен серпін берер еді. Сол сияқты ұстаздар қауымының жалақысы көбею үшін алдағы үш жылда 1,2 трлн теңге бөлінетінін айтты. Бұл бізді қуантып, жігерлендірді», – деді №77 мектеп-гимназиясының мұғалімі Нұрлан Искаков.

Ол сөзін жалғай отырып, халықаралық, республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушыларға стипендия, оларды дайындаған ұстаздарға сыйақы берілсе деген тілегін жеткізді. Айтуынша бұл оқушылардың да, ұстаздардың да қызығушылығының артуына сеп болады.

Жиынға қатысқан мұғалімдер Мемлекет басшысының Жолдауында білім-ғылым жайлы айтылған тұстарын талқылады. Мұндай басқосу елорданың барлық мектебінде ұйымдастырылып жатыр.

Айта кетейік, іс-шара санитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өтті.

https://astana.gov.kz/data/media/news/images/afcdbcbd82daf97743d627023bf4fd49.jpg http://astana.kz/kz/news/news/28893 Thu, 16 Sep 2021 09:53:00 +0600 Елордада Атырау мен Жамбыл облыстары тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңке дәстүрлі түрде санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда өтеді.
Жәрмеңкеде өңірлер түрлі өнімдерді ұсынады.

Жалпы алғанда екі облыс елордаға 336 тонна өнім әкеледі, ол нарық бағасынан 10-15% төмен бағамен сатылатын болады.

Атырау облысы қала тұрғындарына 20 тоннадан астам ет, 36 тонна балық және балық өнімдері, 3 тонна сүт өнімі, 1 тонна шұжық өнімі, 90 тонна көкөніс өнімі, сондай-ақ 60 000 дана жұмыртқа, 0,5 тонна нан өнімі, 0,5 тонна ет консерві, 1 тонна макарон өнімі, 0,5 тонна ұн әкеледі.

Ал Жамбыл облысы елордаға 18 тонна ет (жылқы еті, сиыр еті, қой еті және құс еті), 3,5 тонна шұжық өнімі, 12,1 тонна сүт өнімі, 5,4 мың дана жұмыртқа, 1 тонна кондитерлік өнім, 3 тонна макарон өнімі, 5 тонна қант, 0,3 тонна тұз, 4 тонна балық, 2,7 тонна өсімдік майы, 2,5 тонна бал, 1 тонна кептірілген жеміс, сондай-ақ 128,6 тонна көкөніс пен жеміс сатылады.

Жәрмеңкеге келушілер санитарлық талаптарды толықтай сақтауы қажет: маска тағу, әлеуметтік қашықтық және қолды дезинфекциялық құралдармен залалсыздандыру.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/d52446738bcea8353e5fb3e064fa13cb.jpg http://astana.kz/kz/news/news/28892 Wed, 15 Sep 2021 19:21:00 +0600 Елорданың тағы үш ауданында жыл соңына дейін жастарға қызмет көрсету орталықтары ашылады
Елордадағы алғашқы жастарға қызмет көрсету орталығы Сарыарқа ауданында осы жылдың маусым айында іске қосылды. Ашылу ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.

Жұмыс істеген үш ай ішінде орталыққа 630-ға жуық жасты қабылдап, оларды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар және басқа да өзекті мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетті.

Қазіргі уақытта Сарыарқа ауданындағы Жастарға қызмет көрсету орталығы онлайн және офлайн форматта бос уақытты тиімді ұйымдастыру, бастамаларын қолдау, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, тұрғын үй мәселелеріне қатысты мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіру және сүйемелдеу, психологиялық және құқықтық көмек көрсету, спортты насихаттау және 14-29 жас аралығындағы жұмысшы жастар, NEET санатындағы жастар үшін оның қолжетімділігі және т. б. бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Орталықта, мысалы, "Отбасы банк" АҚ, "Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ, "iKomek109" сияқты ұйымдардың қызметтерін алуға болады.

ЖБО-ға жобаларды қолдау және бизнесті ашу бойынша көмек сұраған жастар үшін олардың кәсіби және жеке дағдыларын дамыту мектебінің "TIME TO CHANGE" жобасының базасында тренингтер өткізіледі. Үш айдың ішінде 6500-ден астам тыңдаушы, оның ішінде 860 – жаңа бастаған кәсіпкер, 3600 – жұмыссыз жас, 1850 – студент, 190– халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары мен мүмкіндігі шектеулі адамдар оқудан өтті. Тренерлер – танымал қоғамдық пікір көшбасшылары.

Сондай-ақ, жастардың көпшілігі жұмыс іздеуде көмек алу үшін ХБО-ға жүгінеді. Онлайн және офлайн жәрмеңкелер өткізілді.

Сонымен қатар, Жастарға қызмет көрсету орталығы елордалық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен бірлесіп "Алғашқы жұмыс орны", "Әлеуметтік жұмыс орындары", "Қоғамдық жұмыстар", "Жастар практикасы" бағдарламалары бойынша жұмыс іздеушілерді жұмысқа орналастырды.

Сондай-ақ, "Отбасы банк" консультанттары "Елорда жастары" ЖРО қызметкерлерімен бірлесіп жастарға депозиттік шот ашу және "7-20-25", "Бақытты Отбасы" және т.б. бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Орталыққа психологиялық және заң көмегіне жүгінгендер үшін өзекті психологиялық мәселелерді шешу, өмірлік қиындықтарды жеңу және құқықтық қолдау бойынша әлеуметтік-психологиялық тренингтер өткізіледі.

Алматы, Есіл және Байқоңыр аудандарында жастарға қызмет көрсету орталықтарын 2021 жылдың соңына дейін ашу жоспарлануда.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/f080832e9343bdf0adebfed6d6580fca.jpg http://astana.kz/kz/news/news/28891 Wed, 15 Sep 2021 19:19:00 +0600 Абайлаңыз магнит: елордалық дәрігерлер бала ағзасынан қандай заттар алып шығуға мəжбүр
Әңгіме бір-біріне жабысатын магниттік шарлар, кубиктер, моншақ тәрізді ойыншықтар туралы болып тұр.

2020 жылдың өзінде №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына өңеш, асқазан, асқазан-ішек жолдары (АІЖ) және бронхтарға бөгде заттар түсіп кеткен 162 бала көмекке жүгінген.

«Негізінен түйме, моншақ, қашықтан басқару пультіндегі батареялар сияқты әртүрлі ұсақ заттарды жұтып қойған 1 мен 5 жас аралығындағы балалар келеді. Дәрігерлер шығарған бөгде заттардың 17 пайызы – магниттер. Көбінесе мұндай жағдайлар ойнап жүріп, қараусыз қалғанда болады», – дейді хирург-дәрігер Серікжан Нұржанов.

Аурухананың мәліметінше, 56 баланың өңешінен осыған ұқсас бөгде заттар шығарылды, асқазан мен асқазан-ішек жолдарында мұндай заттар 80 баладан табылды, бөтен заттар бронхтар мен тыныс жолына түсуінен 30 бала зардап шекті.

«Өткен аптада магнитті-резонансты томографиялық (МРТ) зерттеу үшін ауруханаға түскен 7 жасар қызға операция жасалды. Баланың мұрнын тексеру кезінде дәрігерлер мұрын септумының перфорациясымен бөтен заттар мұрынын (магниттермен) бітеп қалғанын анықтады.

Осыдан кейін бала рентгендік зерттеуге жіберілді, ол жақта да асқазанда магниттердің жиналғаны анықтады. Нәтижесінде біз 100-ден астам кішкентай магнитті шығардық. Қазіргі уақытта тексеру және емдеу толық көлемде жүргізілуде», – деді аурухананың хирургиялық блогының жетекшісі Ринат Байгиреев.

«Егер бала магнитті жұтып қойса, ол өңеште тіреліп қалады, ал басқа жағдайлар да асқазанға түседі. Одан әрі бөгде заттардың асқазан-ішек жолдарына түсіп кетуіне айналмалы бұлшық ет кедергі келтіреді. Егер магниттің өткір, үшкір тұстары болса, өңештің шырышты қабығының әртүрлі тереңдікке, тіпті оның толық сызықтық үзілуіне дейін зақымдануы мүмкін. Әсіресе ауыр зардаптар бөтен затты бірден емес, бірнеше күннен кейін шығарған жағдайларда болады. Кең көлемді қабыну инфильтрациясын ғана емес, сонымен қатар тіндердің некрозын да тудыратын жаралар пайда болады», – деп хабарлады хирург-дәрігер Серікжан Нұржанов.

Сондай-ақ, ол бөгде зат денеде неғұрлым ұзақ болса, бала үшін соғұрлым қауіпті болады дейді.

«Егер бала бір магнитті жұтып қойса, онда ол негізінен табиғи түрде өзі шығады. Егер олар денеде ұзақ уақыт болса жағдай қиындайды. Олар асқазан-ішек жолдарының әртүрлі бөліктеріне жабысып қалады. Ал жабысқан жерде некроз перфорацияға дейін дамиды және перитонитке ұласады. Егер тыныс алу жолында бөгде зат болса, онда ол ателектазды, сол жерде перфорацияға, медиастинитке дейін іріңдеуді тудырады, ал егер АІЖ - ға түссе, онда ол перфорация мен перитонитті тудырады», – дейді маман Нұржанов.

Дәрігерлер ата-аналарға сақ болуы керектігін және мұндай жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттігін ескертеді.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/36865ad853217a2eeddaec43da503efa.jpg http://astana.kz/kz/news/news/28890 Wed, 15 Sep 2021 17:55:00 +0600 Елорда тұрғындарына газ жабдықтарын пайдалану ережелері түсіндірілді
Сонымен, екі қабаттан биік көппәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға және пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі міндетті.

Газ су жылытқышын тек желдеткіші бар бөлмеде, терезесі бар асүйлерде орнатуға болады. Түтін және желдету каналдарыигаз пайдаланатын жабдықтарының жарамдылығын және уақытылы тексерілуін қамтамасыз ету қажет. Қазақстан Республикасының Газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес қауіпсіздік ережелері бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделеді.

«Әкімдікпен екі қабаттан асатын тұрғын үйлерде газ баллонын пайдалану бойынша жоспардан тыс тексеру екі мәрте жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша пәтер иелеріне қатысты әкімшілік шаралар (ҚР ӘҚБтК-нің 306-бабының 1-бөлігі бойынша 20 419 теңге мөлшерінде) қабылданды, одан әрі анықталған ескертулер жойылды», – деп атап өтті газ инспекциясы және көтергіш құрылыстарды бақылау бөлімі басшысының м.а. Рақымжан Бектанов.

Естеріңізге сала кетейік, 1% концентрациясы бар улы газ адам үшін өлім дозасы болып саналады. Тиісті қауіпсіздік шаралары сақталмаған кезде қайғылы жағдай орнауы мүмкін. Газ жабдығы үшін техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт болмаған жағдайда газбен жабдықтау тоқтатылуы мүмкін.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/7dbe9ac3aba97df61346723fca5d3e9f.jpg http://astana.kz/kz/news/news/28889 Wed, 15 Sep 2021 17:44:00 +0600 Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтай отырып жалпықалалық сенбілік өтеді
"Дүниежүзілік тазалық күні" — ғаламшардың тазалығы үшін күресте әлемнің 180 елін біріктірген біздің заманымыздың ең ірі азаматтық қозғалыстарының бірі. Бұл күні әлемнің түкпір — түкпірінен еріктілер жерді қоқыстардан тазарту үшін, яғни жағажайлар, өзендер, ормандар мен көшелердегі қоқыстарды жинау үшін бірігеді.

Бүгінгі күні іс-шара 130 елде, Қазақстанда "World cleanup Day" 2018 жылдан бері өткізіліп келеді.

Сенбілік кезінде ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумақтарында ағаш отырғызады, қоқыс жинайды, сондай-ақ су айдындарының жағалау учаскелерін тазалайды.

Ағаштарды жинау және отырғызу учаскелерін нақтылау үшін Нұр-Сұлтан қаласы аудандары әкімдерінің аппараттарына келесі байланыстар бойынша хабарласуды сұраймыз: Алматы ауданы: +7 (7172) 362767; Байқоңыр ауданы: Ержан Қасымбеков, +7701 1996161; Сарыарқа ауданы: Айдос Түсіппаев Мұратбекұлы, 8702 236 33 35; Есіл ауданы: Жасұлан Қырғызбаев, 8701 628 46 86.

Айта кету керек, барлық іс-шаралар карантин және шектеу шараларын сақтай отырып өткізіледі.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/0d94f6e0184b7007f0823618b6a1550f.jpg http://astana.kz/kz/news/news/28887 Wed, 15 Sep 2021 15:26:00 +0600 Кіші Талдыкөл суын тереңдету жұмыстары оны сақтауға мүмкіндік береді
Нұрлан Солтамбеков Кіші Талдыкөлді сақтап және суын толтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырды. Онда су аумағы кемінде 20 гектар болмақ. Осылайша, су түбін тереңдету жұмыстары лай және басқа да зиянды шөгінділерден тазартуға, орташа тереңдікті арттыруға, су балансын сақтауға және т.б. мүмкіндік береді. Айта кету керек, қазір сулы-батпақты нысандағы негізгі иондардың, ауыр металдардың, биогендік заттардың құрамы нормадан бірнеше есе асады.

Тиісінше, Кіші Талдыкөлді зиянды заттардан тазарту бірінші кезекте жергілікті тұрғындардың денсаулығына оң әсер етеді. Тереңдігі 20 см-ден кем әрі қауіпті, батпақты – Кіші Талдыкөл маңы қалпына келтіріліп, абаттандырылады. Онда әлеуметтік нысандар, яғни тұрғын үйлер, мектептер, медицина орталықтары салынады.

Кіші Талдыкөлді қалпына келтіру жұмыстары акватория құра отырып, жағалау салуға мүмкіндік береді: болашақта екі жағалауды жалғайтын көпір салу, қала тұрғындары үшін су көлігін іске қосу, сондай-ақ флора мен фаунасы бар экоклиматты сақтау жоспарланып отыр.

Кіші Талдыкөл сулы-батпақты нысаны ағын сулар жиналған орын болғанын, үлкен Талдыкөл суымен табиғи байланысы жоқ әрі жерүсті ағыны мен жерасты сулары арқылы өзара байланыспайтынын атап өткен жөн.

Талдыкөлдің (үлкен Талдыкөл) өзінің экологиялық инфрақұрылымы болады. Талдыкөл көлінің жанында қорық, орман-саябақ аймағы бар еліміздегі алғашқы табиғи парк ашылады. Ал екінші экопарк – Майбалық көлінің маңы (әуежай бағыты бойынша оңтүстік-шығыс жағы) тартымды орындардың бірі болмақ.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/e86f0c92a4df205a05aa1af91f952a20.jpg http://astana.kz/kz/news/news/28885 Wed, 15 Sep 2021 14:29:00 +0600 Елордалық спортшы Азияның үш дүркін чемпионы атанды
57 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған елордалық спортшы Галина Дуванова жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алып, үш дүркін Азия чемпионы атанды.

Чемпионаттың алғашқы екі кездесуінде Галина қарсыластарын уақытынан бұрын жеңіп, ақтық мәреге жолдама алды. Финалда БАӘ-нің спортшысын да ауырту әдісімен уақытынан бұрын жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды.

«Кезекті алтын жүлдеме қол жеткізгенім үшін қуаныштымын. Педьесталда тұрып, еліміздің әнұраны шырқалғандағы мақтаныш сезімін сөзбен жеткізе алмаймын. Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің көк байрағын алып шықтым. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Нәтижеме көңілім толды. Тағы да дайындала түсіп, шеберлігімді шыңдайтын боламын. Жарқын жеңістерім әлі алда», – деді Галина Дуванова.

Азия чемпионатында сынға түскен Ислам Мамилов пен Нұржан Батырбеков 69 келіде қарсылас шақ келтірмеді. Финалдық кездесуде екі спортшымыз алтынды өзара сарапқа салды. Нәтижесінде Ислам Мамилов бірінші, Нұржан Батырбеков екінші орын алды.

Осылайша елордалық спортшылар ел құрамасының қоржынына екі алтын, бір күміс жүлдені салды.
https://astana.gov.kz/data/media/news/images/c602661b323c895158d21e569927e81b.jpg http://astana.kz/kz/news/news/28884 Wed, 15 Sep 2021 11:36:00 +0600 Елорданың жастары Президент Жолдауын талқылады
1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдағы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарын атап өткені белгілі.

«Өздеріңізге белгілі 2021 жылдың 1 қыркүйегінде ҚР Президенті Қ.Тоқаев халыққа Жолдау жолдады. Бүгінгі шараның мақсаты – сол Жолдаудағы көптеген бағдарламалар мен ұсыныстар бойынша жастардың тың идеяларын тыңдай отырып, жолдаудағы өзекті мәселелерді талқылау. Яғни жастарға қатысты қызықты пунктерін ала отырып, жоспар жасап, жастармен ары қарай жұмыс істеуді жалғастыру», – деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Аян Ерментаев.

Сарыарқа ауданының әкімдігінде өткен шараға «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ мен волонтерлік ұйым қатысты.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында біршама өзекті мәселені қозғады. Соның ішінде жастарға қолайлы жағдай жасауға барынша күш жұмсалған. Мәселен қазіргі таңда жастарға 5 жылға дейін жалдамалы пәтер беру, студенттердің стипендиясын көтеру, жалақаны көбейту мен жастарды жұмыспен қамту сияқты сұрақтардың жауабы оңтайлы шешілуде. «Кемел келешектің ертеңі – біз жастар» деп бізге көп сенім артылады. Сол себептен де Қазақстанның жастары жұмылып, болашақтың жарқын болуына септігімізді тигізуіміз керек деп ойлаймын», – деді ерікті Сұлтанбейбарыс Рахымбаба.

https://astana.gov.kz/data/media/news/images/69c9402f6c4c2b33d443457a167aa071.jpg http://astana.kz/kz/news/news/28877 Tue, 14 Sep 2021 18:45:00 +0600 Елордада ашық аумақтарды дератизациялау басталды
Ашық аумақтардағы дератизация 2021 жылдың 6 қазанына дейін жалғасады. Улы жем саябақтарда, өзендер аумағына, каналдарда, су қоймаларында және зираттар аумағына себіледі. Өңделетін ашық кеңістіктердің ауданы 3112 гектарды құрайды.

Бұдан әрі 7 қазаннан бастап жеке секторды өңдеу басталады – тұрғындар арнайы улы препараттарды тегін алады, сондай-ақ сол жерде қауіпсіздік шаралары түсіндіріледі. Дератизация 3 турда жүзеге асырылады. 25 мыңнан астам тұрғын үйді өңдеу жоспарлануда. Сақтық шаралары туралы ұмытпау керек және улы дәрі-дәрмектерді балалардың қолы жетпейтін жерлерге – жертөлелерге және жоғары жақтарға қою керек.

Дератизация ҚР-да қолдануға рұқсат етілген бромадиолон және бродефор препараттарын қамтитын дәнді улы препараттарды пайдалана отырып жүргізіледі. Мұндай шаралар кеміргіштер санын азайту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет.

https://astana.gov.kz/data/media/news/images/e34862d08d5a616177c203340d022663.jpg