Жүктелуде...
«Шие» комедиясы Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық фестивалінде «Үздік спектакль» номинациясын жеңіп алды (2016 ж.).
Ғасырлар түйіскенде адам баласының басына түсетін құса-шерді, рухани бағдардың жоқтығын сезінуден туар ауыртпалықты, өлара шақта кейіпкерлерді торитын жалғыздық кеселін Чехов пьесасында ішкі иірімдермен берген. Режиссёр Сергей Потапов модернистік баянмен өмірде мақсатсыз, қорғанышсыз, дәрменсіз сенделген жандардың тұрмыс-тіршілігін сырты күлкі болғанымен, түбінде тұнған көз жасы арқылы беруге ұмтылған. Чеховтың суреткерлік ұлылығы, адамсүйгіштігі оның қаһармандарының уақыт пен кеңістіктен тыс жасай беретін шынайылығында.
Спектакль Челябі қаласында өткен «CHELoBEK ТЕАТРА» V Халықаралық театр фестивалі аясында көрсетіліп, халықаралық театр сыншыларының жоғары бағасын алды.
Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен Түркі халықтарының XIII «Наурыз» халықаралық театр фестиваліне қатысып, халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.