«Bizdi Sezin» — Астаналық «Жастар» театрының дарынды әртістерінен құралған бірегей шығармашылық бірлестік. Пенденің басынан не өтпейді? Кейде қуанамыз, кейде мұңаямыз. Оның барлығы — сезім. Жас та болса, сахналық шеберліктерімен көрермен жүрегін баурап жүрген өнер иелері бұл кеште театрдың академиялық шеңберінен шығып, сіздермен сырласудың жаңа форматын ұсынады. Жобаның басты мақсаты — жанды дауыстағы әуезді әндер, терең мағыналы поэзия мен сахналық монологтар арқылы адам жанының нәзік иірімдерін ашу, махаббат пен өмірдің шынайы табиғатын сезіндіру. Шығармашылық кеш — әуен мен сөздің, сезім мен шеберліктің үндестігін іздеген әрбір өнерсүйер қауымға арналған рухани демалыс. «Бізге қара, өзіңді көр, бізді сезін» — өнердің жылуын бірге сезінейік!