Есіл өзенінің жағалауындағы «Амфитеатр» — жазғы іс-шараларды өткізуге өте қолайлы концерттік алаң. Сахна периметрі бойынша орналасқан сәндік субұрқақтар қойылымдар кезінде жұмыс істеп, локацияға ерекше көрік береді. Жағалауға ашылатын тамаша көрініс, алаңның бірегей құрылымы, жаңбыр мен күннен қорғайтын қалқа, кең грим бөлмелері және концерттік кеңістіктің ойластырылған инфрақұрылымы «Амфитеатрды» қаладағы түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге таптырмас орынға айналдырады.